Еуроодақ Трамп пен Путиннің кездесуінен кейін Ресейге санкциялық қысымды жалғастыратынын мәлімдеді
Еуропалық кеңестің сайтында бірлескен мәлімдеме жарияланды, онда еуропалық саясаткерлер Украинаны қолдауды жалғастыруға және Ресейге қысымды күшейтуге дайын екендерін растады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Әзірге келісім жоқ», - деген АҚШ президенті Дональд Трамптың сөзі баршаға мәлім. Олардың айтуынша, келесі қадам Зеленскийдің қатысуымен өтетін келіссөз болуы тиіс.
«Біз сондай-ақ Еуропаның қолдауымен үшжақты саммит ұйымдастыру үшін президент Трамппен және президент Зеленскиймен жұмыс істеуге дайынбыз» деп жазылған мәлімдемеде.
Еуропалық көшбасшылар Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын тиімді қорғау үшін «темірбетон кепілдіктер» болуы тиістігін атап өтті.
«Біз президент Трамптың АҚШ-тың осындай кепілдіктер беруге дайын екені туралы мәлімдемесін құптаймыз», - деп жариялады олар.
Сонымен қатар олар Украинаның қарулы күштеріне және оның үшінші елдермен ынтымақтастығына ешқандай шектеу қойылмауы тиіс екенін еске салды. Ресейдің Украинаның ЕО және НАТО жолына вето қоюға құқығы жоқ екенін де ескертіп өтті.
«Өз аумағы бойынша шешімді Украинаның өзі қабылдайды. Халықаралық шекаралар қара күшпен өзгермеуі тиіс», - деп мәлімдеді еуропалық саясаткерлер.
Мәскеуге қарсы санкцияларға ерекше назар аударылған.
«Біз әділ әрі берік бейбітшілік орнағанға дейін Ресейдің әскери экономикасына қысым көрсету үшін санкциялар мен экономикалық шараларды кеңейтуге ниеттіміз. Біз Украина мен Еуропаны қорғайтын бейбітшілік үшін жұмыс істеп жатырыз, сондықтан Украина біздің мызғымас ынтымақтастығымызға сенім арта алады» деп нақты жазылған қорытынды бөлімде.
Мәлімдемеге Франция президенті Эммануэль Макрон, Италия премьер-министрі Джорджи Мелони, Германия канцлері Фридрих Мерц, Ұлыбритания премьер-министрі Киэр Стармер, Финляндия президенті Александр Стубб, Польша премьер-министрі Дональд Туск, Португалия президенті Антониу Кошта және Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен қол қойды.
Бұған дейін Трамп Путинмен Аляскадағы келіссөздерді қорытындылап, кездесу күнін «өте табысты және тамаша» деп атады.
Зеленский Трамппен 18 тамызда Вашингтонда кездесетінін және сәтті аяқталған жағдайда Ресей президентімен келіссөздер ұйымдастыратынын хабарлады.
Тоқаев Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Анкориджтегі кездесуін құптайтынын және оны Украинаға қатысты ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің басталуы ретінде бағалайтынын атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық