Еуроодақ елдері Украинаға көмек көрсету мәселесін талқылайды
Еуроодақ елдерінің дипломатия және қорғаныс министрліктерінің басшылары келесі аптаның басында бас қосады.
Еуроодақ елдерінің сыртқы істер және қорғаныс министрлері әртүрлі мәселелерді, соның ішінде Украинадағы жағдайды және «Стратегиялық компасты» талқыламақшы. 21 наурызда Брюссельде Еуропалық Одақ Сыртқы істер кеңесінің отырысы өтеді.
Анадолы агенттігінің хабарлауынша, отырыстың бірінші бөлігінде Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері сөз сөйлейді. Сондай-ақ, сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің бірлескен қатысуымен кездесулер өтеді. Украина Қорғаныс министрі Алексей Резниковтың сөз сөйлеуі жоспарлануда, отырыс бейнеконференция түрінде өтеді. Сондай-ақ, Молдова Сыртқы істер министрі Нику Попескумен пікір алмасу болады.
Кеңес отырысының Украина бөлігінде Еуроодақ қорғаныс министрлері Украинаның әскери қажеттіліктерін талқылайды. 27 ақпанда Украинаға 500 миллион еуро көлемінде көмек көрсету туралы шешім қабылданғаны белгілі, алайда Киевтің қажеттіліктері бұл көрсеткіштен асып кеткен. Бұл сома тағы 500 миллион еуроға көбейтіледі деп болжануда.
Дегенмен соңғы шешім жақын арада анықталмайды, өйткені ол Германияға байланысты, қазіргі парламент алдымен бөлінген қаржыны бекітуі керек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық