Еуро Одақ ымыраға келді: туристік сертификаттар 27 елде жарамды
Фото: Турпром
Еуро Одақ елдерінің азаматтары жазда карантин және басқа да шектеулерге алаңдамай 27 елде демала алады. ЕО COVID-сертификаттарын шығарады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
20 мамырда Еуропалық Одақтың заң шығарушылары Еуропарламенттегі келіссөздердің төртінші сессиясында осындай шешім қабылдады. Келісім ЕО-тың 27 елінде тұратын кез-келген адамға:
- вакцинация мәртебесін,
- COVID-19 сынағының нәтижелерін
- коронавирус инфекцисын емдеу туралы ақпаратты көрсететін цифрлық рұқсаттама алуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Еуропалық Одақ азаматтардың жазғы туристік маусымда одақ елдеріне баруын жеңілдету үшін осы жылдың маусым айында COVID сертификаттарын енгізеді делінген.
Туризмге тәуелді мемлекеттер бұл сертификатты саяхаттауды қиындататын ішкі ережелерді тоқтату үшін жасайды.
ЕО өкілдері ешкімге сертификатты қолдануға міндеттемейтіндіктерін және сертификат вакцинация паспорты болып саналмауы немесе дискриминациялық құжат ретінде қаралмауы керек дейді. Вакциналау науқаны кеңейіп, COVID-19 ауруының деңгейі төмендеген кезде, ЕО-ның көптеген елдері жазғы туристік маусымның алдында жергілікті экономиканы қалпына келтіру үмітімен шектеулерді азайта бастады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық