«Еуразиялық қаржы компаниясы» үшін алпауыттардың соғысы: Шодиев өз компаниясына қарсы сотта жеңілді
Коллаж: Orda.kz
Алматы экономикалық соты Патох Шодиев өзі үлестес болып отырған «Еуразиялық қаржы компаниясына» қарсы талап-арызын толықтай қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды Orda.kz.
Forbes дерегінше, сот ЕҚК-нің өзге бірлескен иесі Шухрат Ибрагимовтың талабын қолдады. Осыған сәйкес, 2 маусым мен 30 шілдеде өткен директорлар кеңесінің шешімдері заңды күшіне енді. Сот компанияны «Еуразиялық банк» пен «Еуразиялық капиталдың» 2024 жылғы қаржылық есебін бекітуге, сондай-ақ тәуелсіз жаңа директорлар — Ерлан Мусин мен Жанбота Бекеновты тағайындауды растауға міндеттеді. Бұдан бөлек, ЕҚК сот шығындарын Ибрагимовқа өтеуі тиіс.
Патох Шодиев директорлар кеңесінің шешімдерін жарамсыз деп тануды, сондай-ақ моральдық зиян үшін бір миллион теңге өтемақы өндіруді талап еткен еді. Бірақ сот оның бұл талабын толықтай кері қайтарды. Шодиевтің қызы Муниса да берген шағымынан нәтиже шығармады. Осылайша, «еуразиялық мұра» төңірегіндегі тартыстың қазіргі кезеңінде Ибрагимовтар әулетінің арты диірмен тартты. ЕҚК директорлар кеңесінің жаңартылған құрамында Муниса Шодиеваның есімі жоқ.
Orda.kz редакциясы Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынан ресми түсініктеме сұрады. Дегенмен осы ақпарат шыққан сәтке дейін жауап келмеді. Патох Шодиевтің ЕҚК-ге қарсы арызы мен компанияның қарсы талабы бойынша сот ісі Алматыда 26 тамызда басталған. Қаралу барысы жабық өткендіктен, сот шешімі шыққанға дейін нақты деректер жария етілмеді.
Сәуір айының соңында ERG бизнесін америкалық инвестор Джеймс Кэмерон сатып алмақшы деген хабар тарағанымен, компания мұны жоққа шығарды. «Еуразиялық үштіктің» таласа бастаған мүдделері туралы бұған дейін жазған едік.
«Еуразиялық қаржы компаниясы» – 2000 жылдың 22 маусымында Алматыда тіркелген қаржы ұйымы. Заңды мекенжайы – Алматы қаласында. Компания активтерді басқару мен инвестиция саласында жұмыс істейді. Негізгі иелері – Патох Шодиев, марқұм Александр Машкевич және Шухрат Ибрагимов әулеті, әрқайсысының үлесі шамамен үштен бір болған. 2025 жылдың наурызында Александр Машкевич дүниеден өткен соң, компания ішінде акционерлер арасындағы дау күшейіп, сот процестері басталды. Нәтижесінде директорлар кеңесінің жаңа шешімдері қабылданып, Ибрагимовтар әулетінің ықпалы күшейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық