Еуразия Ұлттық университетінде Қаныш Имантайұлына арналған барельеф ашылды
Фото: Ашық дереккөзден
ЕҰУ ғылым қызметкерлері күні ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай бірқатар шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Ең алдымен Қаныш Сәтбаевқа арналып, барельефтің ашылу салтанаты болды. Оның авторы – ЕҰУ сәулет кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, белгілі мүсінші Талғат Анарбеков. Барельеф 60х80 сантиметр.
«Мен бір апта бойы Қаныш Сәтбаевтың лайықты портретін іздеп, осы нұсқаға тоқтадым. Рельеф мүсіндік пластилиннен жасалған. Барельефті жасау барысында түпнұсқаға барынша ұқсатуға тырыстым, біраз қиындықтар болғанын да жасырмаймын. Жалпы, мүсіндеу үшін бір айға жуық еңбек еттім», – деп атап өтті Талғат Анарбеков.
Автор бұл идеяның 2 ай бұрын келгенін мәлімдеді. Ал жұмыстың өзі небәрі 1 аптаға созылған.
«Ұсыныс түскен сәттен бастап, ғалымның бет-бейнесін, жалпы келбетін зерделей бастадым. Академиктің бірнеше суретінің ішінен осы бейнені таңдап, бір ай ішінде жасап шықтым. Ғалым туралы деректер оқыдым. Бұл кісінің бейнесін жасау қиынға соқпады. Күлімсіреп тұрған бейнесін бердім. Бұдан өзге би-шешен, күйші, ғалым, жазушыларға арнап жасаған жұмыстарым көп», – дейді мүсін авторы Талғат Анарбеков.
Бүгін ғылыми және академиялық қауым өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қатысуымен «Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Аталмыш шара туралы Еуразия ұлттық университетінің ғылым, коммерциализация және халықаралық қатынастар бойынша проректоры Жанна Құрманғалиева пікір білдірді.
«Біздің университет Сәтбаев көшесінде орналасқан. Ғимаратта арнайы тапсырыспен барельеф орнаттық. Бұдан өзге үлкен көрме өтіп жатыр. Мұнда Баянауылдағы мұражайдың бүкіл экспонаттары қойылды. Мәселен, Қаныш Имантайұлының Уинстон Черчилльмен кездескендегі киімі, пальтосы, бас киімі тұр. Қазір басталып жатқан халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға еліміздің ең беделді ғалымдары, Ұлттық ғылым академиясының басшылығы, шетелден келген қонақтар, біздің студенттер, магистранттар, жалпы бүкіл Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшылары жиналып отыр. Конференцияның мақсаты – Ұлттық кеңес отырысында Мемлекет басшысы айтып кеткендей, Қаныш Имантайұлы Сатбаевтың бай мұрасын дәріптеу», – дейді проректор.
ҚР ҰҒА президент Ақылбек Күрішбаев конференцияда, әрқашан бірінші болу академик Қаныш Сәтбаевтың табиғатына тән құбылыс екенін атап өтті.
«Қаныш Имантайұлы қазақтан шыққан тұңғыш ғылым докторы, КСРО Ғылым академиясының тұңғыш академигі, республикамыздағы Ғылым академиясының негізін қалаушысы және оның тұңғыш президенті. Жыл сайын 12 сәуірде Қаныш Имантайұлының туған күніне орай Қазақстанда ғылым күні атап өтіледі. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жетістіктері үшін ғалымдарға Сәтбаев атындағы сыйлық тағайындалған. Қаныш Имантайұлы Сатбаевтың даңқы есімі қала, университет, тау-кен металлургия комбинаты, меморандум, музей, институттар, мектептер мен көшел атауларында мәңгі сақталған» , – деді ҚР ҰҒА президент Ақылбек Күрішбаев.
Жаңалықтар
- Еліміз балаларға медициналық көмек көрсетудің гибридті моделін енгізеді
- 200 тоннадан астам зақымданған астық елге кіргізілмей, экспорттаушы елге қайтарылды
- Прокуратура Алматы облысында 800-ден астам құқықбұзушылықты анықтады
- Bloomberg — Қазақстан өңірдегі цифрландыру көшбасшысы
- Жаңа Конституцияның қабылдануына орай кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін?
- Еліміздегі ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер күмән туғызды
- Жалған жұмыс арқылы әлеуметтік төлем алғандарға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды
- АҚШ Эбола вирусын жұқтырған науқастарын Африкаға орналастырмақшы, Кения соты қарсы шықты
- Қарағанды облысында өртенген үй мен шаруашылық құрылысынан 8 газ баллоны шығарылды
- Тоқаев: Озық технологиялар еуразиялық интеграцияның қуатты катализаторына айналуы керек
- Жангелдиндегі отбасы өлімі: Туыстары бірнеше ай бойы марқұмдармен хат жазысқан
- «Есімімді кірлетуге жол бермеймін»: Михаил Шайдоров жалақы дауына қатысты мәлімдеме жасады
- Қазақстан халықаралық деңгейде «+7» телефон коды бойынша тең құқықты мәртебесін бекітті
- Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
- Қазақстан Ресейдің қазақтар көп тұратын өңірлеріне мектеп салады
- Тағы бір «Палау орталығы» өртенді, бұл жолғысы Астанада
- Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандыққа қатысты тың дерек шықты
- Сот процесінде Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасының сөзі тыңдалды
- Қай маман иелерінің жалақысы 2,5 есеге дейін өсіп, үкіметтен қолдау көреді?
- Атырауда жасөспірім қатысқан оқиға бойынша төрт адам жауапқа тартылды