«Естімейтін спортшылар бар»: Алматы облысында жол апатынан 7 адам тіл тартпай кетті
Фото: әлеуметтік желіден
Алматы-Бішкек тасжолында жеңіл көлік жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, 7 адам ажал құшты, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты тасжолдың 129-шақырымында болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, Honda Odissei автокөлігінің жүргізушісі алдында кетіп бара жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлікте болған жеті адамның бәрі, оның ішінде жүргізуші де алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұл қайғылы жол апатынан есту қабілетінен айырылған 5 спортшы қаза тапқаны белгілі болды. Олар Бішкекте өткен естімейтін спортшылар арасындағы футбол турнирінен қайтып келе жатқан. Бұл туралы Арсен Шакуов деген Facebook қолданушысы жазды. Ол тіпті марқұмдардың аты-жөнін де атап өтті.
Асыл Ибраимов – естімейтін спортшылар арасындағы футболдан жаттықтырушы болған. Дмитрий Мочальский – шахматтан естімейтін спортшылар арасындағы Еуропа чемпионы атанған. Сәкен Смағұлов, Сергей Волковинский, Серік Молдашев – естімейтін спортшылар арасындағы футбол ардагерлері, ұлттық құраманың мүшесі болған.
Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы «Байсат» базары тағы да аукционға шығарылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық