Ескі Қазақстанның құрбандары: Қайрат Сатыбалды түрмеде отырып сатып алған Hilton қонақ үйі неге жабылмақ?
Фото: Әсем Жәукен/ Orda.kz
31 наурызда Double Tree by Hilton Almaty қонақ үйін мемлекетке түпкілікті тапсыру жоспарланған. Екі жылдан астам уақыт бойы құжат жүзінде мемлекет меншігінде болған ғимаратқа қайтарылған активтерді басқару жөніндегі комиссия өкілдері келеді.
Алайда, Hilton франшизасына иелік ететін «Абли-Құрылыс» бұл процесті заңсыз деп санайды және өз мүлкін қорғауға дайын екенін мәлімдейді. Қонақ үй төңірегіндегі күрделі құқықтық тартыс қалай өрбіді және кімнің уәжі негізді – Orda.kz егжей-тегжейлі баяндайды.
Қонақ үйдің екі кезеңді тарихы
Егер Double Tree by Hilton Almaty оқиғасы сериал болса, оны екі маусымға бөлуге болар еді. Біріншісі – қонақ үйдің Қайрат Сатыбалдының меншігіне қалай өткенін сипаттайды. Екіншісі – оның мемлекетке қайтарылғаннан кейін бұрынғы иелерінің активті кері қайтаруға тырысуы.
Orda.kz бұған дейін Hilton қонақ үйінің тарихы туралы егжей-тегжейлі жазған. Сондықтан соңғы жылдары болған оқиғаларды қысқаша еске түсірейік.
- 2017 жылы «Абли-Құрылыс» ЖШС иесі Шолпан Каранеева Hilton франшизасын сатып алу және қонақ үй ашу үшін Capital Bank Kazakhstan-нан 4 миллиард теңгеден астам несие алды. Алайда, пандемия басталған соң, қарызын өтей алмай, қонақ үй жұмысын тоқтатты.
- 2021 жылы Capital Bank лицензиясынан айырылды. Банкроттыққа ұшыраған қаржы ұйымында «Қазаэронавигация» кәсіпорнының 14,7 миллиард теңгесі сақтаулы болған. Сол себепті, банк мемлекеттік компания алдындағы қарызды өтеу үшін несие ала алмай қалған клиенттерден қаражат өндіріп ала бастады. Олардың қатарында «Абли-Құрылыс» ЖШС те бар.
- Capital Bank-тің банкроттығынан кейін қонақ үй «Заңгер» коллекторлық агенттігінің меншігіне өтті. Кейін ол Қайрат Сатыбалдыға тиесілі Baidala V компаниясына сатылды.
- 2023 жылдың қаңтарында Baidala V түрмеде отырған Қайрат Сатыбалдының өзіне Hilton қонақ үйін рәсімдеді. Ал көп ұзамай, ол бұл активті мемлекетке «сыйға тартты». Қазіргі уақытта қонақ үйдің заңды иесі – Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания.
Құқықтық даулар мен жауапсыз сұрақтар
26 наурызда қонақ үйде «Абли-Құрылыс» өкілдері баспасөз мәслихатын өткізіп, бірнеше даулы мәселелерді көтерді.
- Қонақ үй заңсыз түрде коллекторларға берілді. Компания өкілдерінің айтуынша, оған қатысты ешқандай сот шешімі болмаған.
- Қонақ үй бағасы төмендетіліп көрсетілген. Тәуелсіз сарапшылар жылжымайтын мүліктің нарықтық құны 10 миллиард теңгеден астам деп бағалаған. Бірақ бағалаушы 5 миллиард теңге деп көрсеткен. Бұл қаражатқа жабдықтар мен жиһаз кірмеген.
- Рейдерлік басып алу фактісі бойынша іс жабылды. Компания өкілдері прокуратураның талабы бойынша тергеудің тоқтатылғанын мәлімдеді.
- Қайрат Сатыбалды түрмеде отырып қонақ үйді қалай сатып алды? Бұл сұрақты Orda.kz бір жыл бұрын Антикорға қойған, бірақ әлі күнге дейін жауап ала алмады.
- Қонақ үй қалайша мемлекеттік активке айналды? Ол жеке компанияның қаражатына салынған және ешқашан мемлекет меншігінде болмаған.
Шолпан Қаранееваның әпкесі Аман Өтешованың айтуынша, олар коллекторлар мен бағалаушылардың әрекеттерінің заңсыздығын дәлелдеуге тырысқан. Тіпті рейдерлік басып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауға қол жеткізген. Алайда, Өтешова атап өткендей, бұл іс Алматы прокуратурасының талабымен жабылған.
Екінші мәселе – Қайрат Сатыбалдының түрмеде отырып, қонақ үйді қалай сатып алғаны. Айтпақшы, Orda.kz бұл сұрақты бір жыл бұрын Антикорға жолдаған. Ведомство жауап беруге уәде еткенімен, мәселе сол күйі ашық қалды.
«Абли-Құрылыс» өкілдері көтерген үшінші басты сұрақ – қонақ үй ешқашан мемлекеттік актив болмаса да, қалайша мемлекеттің қолына өтті. Бұл нысанды жеке компания салған және оған иелік еткен. Бренд иесінің әпкесінің айтуынша, олар керісінше, ғимараттың коллекторларға және Қайрат Сатыбалдының компаниясына заңсыз берілгенін дәлелдеуге тырысқан.
«Қазақтелеком» ісі бойынша тергеу жүріп жатқанда, біз Антикорға жүгіндік. Бірақ бізге «сіз процестің қатысушысы емессіз» деп жауап берді. Ал Hilton қонақ үйінің ғимараты процестің қатысушысы болып шыға ма сонда?!», – деді Аман Өтешова.
Нәтижесінде, қонақ үй ғимаратын коллекторларға, Сатыбалдының компаниясына, Сатыбалдының өзіне, соңында КУВА-ға берудің заңсыздығын дәлелдеуге тырысқанына қарамастан, уақыт нысанды мемлекетке тапсыру мерзімінің жақындағанын көрсетіп отыр. Бұл процесс 31 наурызда сағат 12:00-де өтуі тиіс.
«Абли-Құрылыс» өкілдері КУВА комиссиясын да, олармен бірге келгендерді де – жеке сот орындаушысы немесе полиция болсын тек өздері ғана емес, қонақ үйдің 170 қызметкері, оның ішінде 20%-ы мүмкіндігі шектеулі адамдар бірге қарсы алатынын мәлімдеді. Олар бұл Hilton франшизасының талаптарына сәйкес келеді деп санайды.
«Біз 170 адамды бірден бір жерге жібере алмаймыз. Біз не, итпіз бе, қайдағы?», – деп Аман Өтешова ашуын білдірді.
Бұл ретте, Алматыдағы Hilton франшизасының ресми иесі, тіпті қонақ үйден шығарылған жағдайда да, Шолпан Каранеева болып қала береді. Айтпақшы, ол баспасөз конференциясына қатысқан жоқ. Әпкесінің айтуынша, Қаранеева қонақ үйге байланысты күйзеліс салдарынан денсаулығынан айырылған.
Қайтарылған активтерді бақылауға алатын мемлекеттік құрылым – Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компаниясының (ҚАБК) қызметіне сын күшейіп келеді. Қоғамдық комитет жетекшісі Жарқын Күрентаев бұл істі ҚАБК-ның ашық жұмыс істемейтінінің дәлелі деп есептейді.
Барлық дауларға қарамастан, 31 наурызда сағат 12:00-де қонақ үй мемлекет меншігіне өтеді. Бірақ бұл процестің заңдылығы мен әділдігіне қатысты сұрақтар жауапсыз қалып отыр. Orda.kz мәселенің мән-жайын анықтауды жалғастырады.
Жаңалықтар
- Алматыда жер сілкінді
- Қарағанды облысында жол апатынан көлік өртеніп, жүргізуші көз жұмды
- Сенат «ЛГБТ насихатына тыйым салу» туралы заң жобасын қарауды кейінге қалдырды
- Енді халық зейнетақы жинағынан көз емдеуге тыйым салынады
- Мемлекеттік тапсырыс үшін пара алған Алматыдағы емхана директоры сотталды
- Бүгін Астанаға Еуропалық Кеңес президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді
- Бейбарыс Қаблан таеквондодан өткен әлем чемпионатында алтын жүлдегер атанды
- «Сұрақ, жауап алдын ала беріледі»: экс-депутат мәжіліс жиындарының сценариймен өтетінін айтты
- Тоқаев әскердегі сарбаздардың қазасына қатысты кеңес өткізді
- «Қорқынышты фильмдегідей»: Шығыс Қазақстандағы сүрең тартқан ауруханаларға тұрғындар наразы болды
- Қостанайда полициядан қашқан ер адам опат болды
- Қоғамдық орындарда никаб кигендерге 43 мың теңге айыппұл салынады
- Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтардың ісі Бас прокуратураға өтті
- Ақтөбеде пойыз бастығын пышақтап өлтірген ер адам 20 жылға сотталды
- Белгілі қазақ философы Жабайхан Әбділдин көз жұмды
- Астанада медициналық колледждегі аудиторияға қаза тапқан фельдшердің есімі беріледі
- Алматы әуежайында өзіне өрт қойған ер адамға қатысты тергеу тоқтатылды
- «Журналистерді қорғау комитеті» билікті Бажкеноваға қарсы істі доғаруға шақырды
- Бесағаш ауылына сел қатері төнді: тұрғындар президенттен көмек сұрайды
- Ақтаудағы ұшақ апаты: Қазақстан тергеудің соңғы кезеңіне келді