Ескерткіш құлап қайтыс болған қыздың әкесі: «Мен мұны ешқашан ұмыта алмаймын»
Фото: Atyrau online
Атырауда соғыс ардагерінің ескерткіші құлап, қайтыс болған қыздың әкесі қайғылы оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
Еске салар болсақ, Атырау қаласында жауыннан қорғанып, үстіне ескерткіш құлап, 7 жасар қыз мерт болды. Әкесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
«Сол күні кешке 25 маусымда сағат 21:30 шамасында мен, ұлым Хамза және қызым Айару Жеңіс саябағында серуендеп жүрдік. Қызым екеуміз велосипед жалдадық, ал ұлым өзінің кішкентай велосипедімен болды және саябақтың ортасына қарай кеттік. Осы кезде кенеттен қара бұлт пайда болып, жаңбыр жауды. Алдымен ағаштың түбіне жасырындық. Содан қызым тоңа бастады, жейдемді шешіп кигіздім. Бірақ біз су болып қалдық, қызым суықтан қалтырай бастады, содан кейін мен оны көтеріп, ұлымның артымнан жүруін өтіндім. Біз саябақ қақпасына қарай бет алдық. Шамамен 50 метр қалғанда қатты жел көтеріліп, ауыр заттар ұшып кете бастады. Біз ескерткіштердің бірінің артына тығылуды жөн көрдік. Желдің қатты болғаны сонша, биік ағаштар майысып қалды. Кенет менің арқамнан қатты соққы болғанын сездім. Көзім қарауытып, м өліп жатырмын деп ойлап, дұға оқи бастадым. Кенеттен қызымның «әке» деп айқайлаған даусын естідім, содан кейін мен өзіме келдім, білмеймін, Алла маған бір күш берді. Ол мені оятып, көзін жұмды», – дейді Айдос Сабыров.
Осы сәтте Айдос өзінің балаларымен бірге ескерткіштің астында жатқанын түсінеді. Ауыр тас баласының денесін, басы мен қолын басып қалған. Ал Айарудың денесінің бір бөлігі көрінбей қалды.
«Ескерткіштің кесірінен денемнің 85 пайызы жаншылып қалды. Осы кезде бізді бір жігіт байқап қалды, ол көтермек болды, бірақ салмағы 1 тонна болатын ескерткішті орнынан қозғалта алмады. Сосын жүгіріп барып, тағы екеуін көмекке шақырды. Үшеуі ұлымның қолын босатып үлгерді. Олар тағы да көмек іздеуге кетті, біз осы қалыпта тағы 7-8 минут жаттық. Қызыма қолымнан ештеңе келмейтінін түсініп, жүрегім сыздап кетті, қызымның соңғы азапты минуттарын ешқашан ұмыта алмаймын. Тағы бірнеше адам келді, сол кезде ескерткіш қозғала бастады. Мен де бар күшімді салып, оны өзімнен алыстатуға тырыстым. Балалардың жағдайы өте ауыр болды; бас жарақаты салдарынан балам тілін тістеп алған, бетінен қан кеткен, бір қолы екі жерінен сынған. Менің кеуде омыртқам мен бір қабырғам сынған. Бір қолым істемейді, екі тіземде гематома бар, жүре алмаймын, терең дем ала алмаймын», – дейді көзіне жас алған әке.
Дәрігерлердің айтуынша, Айару көптеген жарақаттар алған, жамбас сүйектері сынған, ішкі ағзалары жарылған және ішкі қан кету өлімге әкелген.
Тергеу жалғасуда, сараптама тағайындалды. Атырау қаласы әкімі орынбасарының айтуынша, жаңбырдан Жеңіс саябағындағы камералардан ештеңе көрінбеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық