Ескендір Хасанғалиевтің ұлы әнші Qanay-ды сотқа беруге ниетті
Фото: egemen.kz
Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан әнін рұқсатсыз орындаған Qanay-ды заң жүзінде жауапқа тартуға ниетті.
Еске салсақ, бір ай бұрын Qanay лақап атымен танылған Нұрболат Қанай Ескендір Хасанғалиевтің «Бозторғайым» әніне түсірген бейнебаянын жариялаған. Әнші оның әнін алған кезде композитордың отбасынан рұқсат сұрамаған.
«Ол әнді Qanay-дың орындағанын бір жолдасымнан естідім. «Мынау сенің әкеңнің әні ғой. Сенен рұқсат сұрады ма?» деді. Ешқандай рұқсат сұраған жоқ. Олай әрбір әнді рұқсатсыз орындай беруге болмайды. Егер барлығы дәл осылай әр әнді орындап, клип түсіріп, ойына келгенін істесе мен қандай мұрагермін? Олардың бұл ісі дұрыс емес. Хабарласып, келіп, осындай бір тақырыпқа клип түсіргім келеді деген сияқты ештеңе болған жоқ. Біз заңды мемлекетте тұрып жатырмыз. Соған қоса қазір «Жаңа Қазақстан» құрылып жатыр. Әнді рұқсатсыз орындағандарға неге заң болмауы керек? Бұл — менің тікелей құқығым, яғни біздің жанұяның тікелей құқығы бұзылды деген сөз» дейді Хасанғалиевтің ұлы zhulduz_tv-ге.
Хасанғалиевтің өкілдері жас әншінің продюсеріне хабарласып көрген. Алайда олардың жауабы Біржанның шамына тиген.
«Біз бұл әнді «халық әні» деп ойладық депті продюсер. Ал өздері клипке музыканың авторы Ескендір Хасанғалиев деп жазып қойған. Әрине, осындай әрекеттері намысқа тиеді. Клиптің шыққанына бір айдан асты, айналым жүріп жатыр, миллиондаған қаралымы бар. Қазір заңгерлер осы мәселемен айналысып жатыр. Әрине, мен бәрібір жеңемін. Өйткені мұрагер ретінде бұл біздің құқымыз. Мен бармын, анам бар және менің әпкем бар. Барлығы бізде заңды түрде тіркелгендіктен, олар да заңды түрде жауапқа тартылады. Егер келіссөз дұрыс жүргізілмесе сотқа береміз. Бұл істі соңына дейін апарамын» дейді Біржан Хасанғалиев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық