«Есірткіге тәуелділік»: Бір топ еркек кәмелетке толмаған қызды зорлады
Фото: Рixabay
Алматы облысының Қарасай ауданында кәмелетке толмаған есірткіге салынған қызға бір жарым жыл бойы ер адам жыныстық зорлық көрсетіп келді.
Бұл туралы құқық қорғаушы Айман Омарова өзінің facebook парақшасында жариялап, тергеу ісін Қарасай аудандық полиция басқармасы дұрыс жүргізбей жатқанын айтып, дабыл қақты.
15 жасынан есірткі беріп, бір жарым жыл бойы зорлаған еркек 2024 жылдың қаңтарында бір топ еркекпен бірге келіп қызды көлігімен алып кетеді. Бір топ еркек есірткі беріп, артынша зорлайды. Осы оқиғадан соң, есірткіні мөлшерден тыс қабылдаған қыз жан сақтау бөліміне түседі.
«Тергеу ісі тоқтап тұр»
Адвокаттың сөзінше, кәмелетке толмаған қыз бір топ адамның ішінде кемінде алтауының атын атай алады. Алайда Алматы полиция басқармасы тек бір ғана күдіктіні ұстап отыр. Оның үстіне іс тоқтап тұр. Тергеуші күдікті Мирастың қанын, биоматериалдарын алып тексермеді. Айыпты тексеруден бас тартып отыр. Адвокаттың сөзінше мұндай жағдайда күштеп болсын тергеуге қажетті шаралардың бәрін жасауы керек.
Полиция қылмыскерлерге неге көмектеседі?
«Тергеу шаралары жасалып жатқан жоқ. Бір жерде отырмыз. Бұл айыптылардың көлігі бар еді. Полиция «көлігін таппадық» деді. Одан кейін «зорға таптық» деді. Негізі ол көлікті өзіміз көрсетіп, қайда екенін айттық. Шын мәнінде табу оп-оңай болды. Оның үстіне істі ұзаққа созып жіберді. Полиция көлікке уақытты созып жеткенше, артқы орындығын алып тастаған болып шықты. Полицияның әрекетсіздігінің кесірінен бұлар білгенін істеп жатыр. Ал полиция не үшін әрекетсіз? Бұл жерде сыбайлас-жемқорлық болуы мүмкін деп ойлаймыз», — дейді Айман Омарова.
Бұл жерде басты сұрақ болып отырған мәселе, кінәлілердің бәрі қамалмай отырғаны. Сондай-ақ, сот сараптамасының жасалмай отырғаны болып тұр.
«Бұл ұйымдасқан, топтасып істеген қылмыс. Алдағы уақытта олар басқа да кәмелетке толмаған қыздарды есірткіге отырғызып, зорласа не істейміз? Неге олар қамалмаған? Неге тергеу шараларын уақытында жасамайды? Неге біздің полиция қылмыскерлерге көмектесіп жатыр? Неге прокуратура осыны қадағаламайды?», — деді адвокат.
«6-7 ағай мені зорлады»
Айман Омарова жариялаған тікелей эфирге артынша кәмелетке толмаған, қорлық көрген қыз шығып өзі мән-жайды баяндады.
«Менің жасым 17-де. Мені 15 жасымнан бері Мирас деген азамат зорлап келді. Мені қорқытып, еркімнен тыс зорлады. 2024 жылы 3 қаңтарда Мирас деген азамат танымайтын ағайлармен бірге көлігімен келіп, мені айдаладағы қожалыққа апарды. Сол қожалықта мен танымайтын 6-7 ағай бар, еркімнен тыс қорқытып есірткі берді. Олар мені есірткіге отырғызып, зорлады», — деді жәбірленуші қыз.
Сондай-ақ, ол қазір ісін жүргізуге тиіс Әсем Бақбергенова мен Қарасай аудандық полиция басқармасы тергеу ісін дұрыс жүргізбей жатқанын айтты. Адвокаттардың сөзінше аса ауыр санаттағы қылмыстық тергеу ісін жүргізіп жатқан Әсем Бақбергенованың тәжірибесі аз, жұмысқа осы жылы шыққан адам. Айман Омарованың сөзінше ол алғашқы жыл қызметке шыққан соң, істі қасақана емес, абдырағаннан дұрыс жүргізе алмауы мүмкін.
«Мұндай аса ауыр санаттағы қылмыстың тергеу ісін жүргізу тәжірибелі адамның өзіне де оңай емес. Неге заңды шығарып қойып, оны атқармаймыз? Бұл Қаскелең мен Қарасай ауданының тұрғындарына қандай ауыр жағдай екенін түсініңіздер. Балаларға әсіресе. Бұл топтасқан қылмыскерлер осындай әрекетін қоймайды ғой. Сонда олар қылмысты істеп алып, тайраңдап жүре бере ме? Біреуін ғана қамап қойды. Мирас деген адам ғана отыр», — деді Айман Омарова.
Жәбірленуші қыз президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, істі өз қадағалауына алуын сұрады. Адвокат Айман Омарова бас прокурор Берік Адамовқа да жүгініп, айыптылардың бәрінің қамалмай отырғанын айтты.
Жаңалықтар
- Алматыда жертөледен полиэтиленге оралған ер адамның мәйіті табылды
- «Көлік 3 минуттан кейін келеді»: Қазақстан жолдарында адам өмірін арашалап қалған такси жүргізушілерінің шынайы оқиғалары
- Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды
- Алматыда еріген қар суы сел болып ағып, көпірді жұлып, жолды шайып кетті
- АҚШ Қазақстанға тағы 37 миллиард доллар инвестиция салмақшы
- Алматыда сел қаупіне байланысты тұрғындарды алдын ала эвакуациялау басталды
- Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды
- Оқушылар Конституцияны оқиды: Жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына өзгерістер енді
- Қазақстанда әуетакси мен дрондарды пайдалануға арналған заңнамалық негіз қалыптасты
- Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мәселесін қарастырады
- 200-ден астам ер адамға «әйелдерге арналған ота» жасалған
- Ұлттық домбыра күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді?
- Атырау облысындағы баласы ұрып-соғып, қамап ұстаған 90 жастағы қарияны немересі қолына алды
- Елімізде жаңа Конституция күшіне енді: Жаңа дәуірдің бастауы
- ӘЧ-2026: Холандтың голы Норвегияны1/8 финалына шығарды
- Ақ үй АҚШ-тың Иранмен қақтығысқа жұмсаған шығынын 30 миллиард доллар деп бағалады
- Қайын жұртын қырып салған күйеу балаға жаңадан айыптар қосылды
- Путин мен Тоқаев стратегиялық серіктестікті талқылады
- Данай Шайықов әлемдегі ең мықты кәсіби хоккей лигасының мүшесі болды
- Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды