Есірткіге тәуелді болған жұлдыздар мен спортшылар
Есірткіге тәуелді болған спортшылар мен жұлдыздардың қарасы қалың. Бірі елге көңіл-күй сыйлайтын адамдар болса, екіншісі жас ұрпаққа өнеге болатын азаматтар. Олардың мұндай әрекеті көпшілікке ұнай қоймайды.
Осы мәселе бойынша Orda.kz журналисі отандық және шетелдік спортшылардың, жұлдыздардың қоғамға қауіп төндіретін әрекетіне қатысты шолу жасады.
Алматы қаласында сәуір айының 22-сі күні «MadMen» тобының музыканттары есірткі сатты деген күдікпен ұсталған еді. Танымал Q-рор тобының мүшелері есірткі заттарын жасап, сатты деген ақпарат олардың жанкүйерлерін біраз қобалжытты.
«Madmen» тобы

Жанкүйерлердің көп бөлігі бұл жала деп мойындамағанымен, ұсталғандардың арасында танымал қазақстандық «Madmen» шығармашылық тобының мүшелері де бар екені анықталды.
Кейін 91 тобының жетекшісі Ерболат Беделхан дәл осы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, музыкаға жақын адамдар есірткіге әуес деген бұрын да әңгімелер айтылып жүргенін, бірақ бұл жалпы әлемдегі проблема екенін еске салған еді.
– Мен «Mad Men» тобының ұсталу оқиғасына қатысты жауап бере алмаймын. Оны тергеу анықтайды, сот шешеді. Менің негізгі айтпағым – осы оқиғадан соң жаппай Q-pop бағытында жүргендер есірткіге әуес, не соған үйретеді деген пікірлер тарады. Бұл қате пікір. Музыкаға жақын адамдар есірткіге әуес деген әңгімелер бұрыннан айтылып жүр. Алайда мен біреу үшін жауап бермеймін.
Есірткі саудасы, әсіресе, синтетикалық зат саудасы, жастар арасында проблема. Бұл Q-pop бағытында жүргендердің емес, жалпы әлемдегі проблема. Ең сорақысы оған кедергі жоқ. Ол туралы көптен БАҚ-та айтылмайды. Тосқауыл қойылмайды. Сондықтан ойланатын уақыт келді. Адам оған жақын болам десе, ол үшін музыкада, не өнерде, Q-pop бағытында жүру міндетті емес, – деді Ерболат Беделхан.
Соңғы жылдары мұндай жағдайды спортшылар арасынан да байқауға болады. Солардың бірі, ел ішінде дау тудырған UFC тарихындағы бірінші қазақстандық файтер қыздың есірткі пайдалануы болды.
Мария Агапова

Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Мария Агапованың бұл жағдайдан кейін басы дауға қалды. UFC файтері украиналық Марина Мороз отандасымыздың есірткі қолданатыны туралы тікелей эфирде айтып берген. Айтуынша, Мария сондай жағдайда жүріп, көлігін соғып алған. Жанжалдары кесірінен оны екі залдан қуып жіберген.
– Ол файтерлерді пышақ саламын деп қорқытты, сол сәт камераға түсіп қалған. Сондай-ақ, ол бір файтердің жүкті әйелін аңдыған. Төрт рет полиция шақырды, - деді украиналық спортшы тікелей эфирде.
Әлем халқы танитын һәм кумирі деп санайтын танымал адамдар да есірткінің шырмауына түсіп, мансабын құртып, абырой жоғалтады. Мұндай жағдай футболшылар мен боксшылар, актерлердің де басынан өтеді.
Джонни Депп

Әлемге әйгілі қарақшылардың капитаны атанған Джонни Депп махаббат және достық қатынастарынан адам танымастай өзгерді. Мысалы, супермодель Кейт Мосспен ұзаққа созылмаған қарым-қатынасы Джонниді мүгедек етті. 24 сағат бойы үзіліссіз өтетін кештер, есірткі мен алкогольдік ішімдікті қолдану актердің жүйке жүйесіне әсер еткен еді. Бақытына орай, актер жаман әдеттерден бас тартып, есірткі ықпалынан құтыла алды.
Анджелина Джоли

Бүгінде «Джолипитт» деп аталатын алты баланың анасы Анджелина Джоли әлемдегі миллиондаған әйелдерге үлгі болды. Бірақ осыдан он бес жыл бұрын ол атышулы жаңалықтардың жартысында жарияланатын. 1990 жылдардың аяғында актриса қонақтарды «ұнтақталған тауарлармен» қуантатын кештерде бірнеше рет болған. Джоли өзі героинді де, кокаинді де қолданғанын жасырмайды.
Диего Марадона

Футбол тарихындағы ең мықты ойыншылардың бірі есірткіге құмар азаматтар қатарында. 1991 жылы Диего есірткі қолданғаны үшін ресми түрде сотталып, 15 айға ойыннан шеттетілді. Кейінірек, 1994 жылғы әлем чемпионатында Марадона допинг қолданғаны үшін жазаланды. 2004 жылы маскүнемдік пен темекі шегуден туындаған инфаркқа ұшырады. «Мен комада жатқанда, қызым Дальма ауруханаға келіп: «Әке, мен үшін өмір сүріңізші! - деп айқайлай бастады. Мен оның сөздерінен кейін өзіме келдім» деп еске алған еді аргентиналық футболшы.
Майк Тайсон

Бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы американдық Майк Тайсон өзінің спорттық жетістіктерімен және нашақор ретінде танымал. «Темір Майк» өзінің есірткіге құмарлығы салдарынан үш рет зардап шекті. 1987 және 1991 жылдары ақылы автотұрақ қызметкеріне шабуыл жасады және зорлады деп айыпталып, 3 жылға, ал 2006 жылы 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Американың Скотсдейл қаласы (Аризона) Тайсонды кокаин, марихуана, алкоголь және депрессанттардың бір мезгілдегі әсерімен автокөлік басқарғаны үшін қамауға алды.
Жаңалықтар
- «Жалақы уақытылы төленуде»: «ЖЖФЗ» ЖШС фосфор зауытының бас директоры кәсіпорындағы жағдай туралы ашып айтты
- «Күзде жинайтын түк қалмайды»: Қарағандылық фермерлер киіктердің егінді жайпап жатқанына ашулы
- АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал келісім мұнай бағасына әсер ете ме?
- Әлеуметтік желіде балағат сөз қолданғандарға айыппұл салатын түзетулер ұсынылды
- Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі 18 шілдеге дейін ұзартылды
- «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев қызметінен кетті
- Алматы – Қорғас тас жолындағы бұзылған бетон көліктерге жаппай зақым келтіріп жатыр
- Еуроодақ Украина мен Молдованың мүшелікке кіруін қарастырып жатыр
- Көкшетау қаласында саябақты өртемек болған шетелдіктің өзі жанып кете жаздады
- Президент заңмен бекітті: Туысқаныңды жұмысқа тарта алмайсың
- АҚШ пен Иран бейбіт келісімнің соңғы нұсқасын келісіп жатыр
- Ақмола облысында екі баланың анасын сталкер танысы қатыгездікпен ұрып өлтірді
- «Маған 10 миллион теңге ұсынды»: Әл-Фарабидегі жол апатынан кейін марқұмның әкесі мәлімдеме жасады
- Перизат Қайраттың көліктері мемлекеттік органдарға тегін берілді
- Қазақстандық қыздардың Вьетнамдағы вебкам-желісі әшкере болды
- Таразда синтетикалық есірткі тасып жүрген шетелдік курьер қолға түсті
- Amanat өкілдері Adilet-ке қосылатынын ресми жариялады
- 686 камера «көрмей қалған» қылмыс: Заречный түрмесіндегі айыпталушылар жалған қолтаңба мен қысым жайлы айтты
- «Өзімді емес, оларды өлтіруді таңдадым»: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Қытай жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Мо Янь қазақстандық жас қаламгерлерге шеберлік сабағын өткізеді