Есірткі тасымалдаған 2 кәсіпкер әйел 10 жылға сотталды
Фото: freepik.com
СҚО-да есірткі қылмысына қатысы бар екі әйел құрықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
ІІМ-нің мәліметінше, 2024 жылдың қаңтарында СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавлға есірткі жеткізетін ірі арнаны тауып, 37 және 33 жастағы екі кәсіпкерді ұстаған.
Жеке тінту кезінде және әйелдердің тұрғылықты жері бойынша 158 грамнан астам α-PvP табылды. Сондай-ақ электронды таразы, орау материалы және басқа да орау құралдары тәркіленді.
Полицейлер екі әйелдің де есірткіні заңсыз қолданудың салдары туралы өте жақсы білетіндігін атап өтті. Себебі 33 жастағы әйелдің жұбайы «синтетика» сатқаны үшін жазасын өтеп жатқан көрінеді.
Сот шешімімен Петропавл қаласының 37 жастағы тұрғыны 11 жылға, оның сыбайласы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді