Есірткі сатумен айналысқан 55 telegram-арна жабылды
Фото: ҚМА
Қазақстанда жыл басынан бері есірткі сататын 55 telegram-арнасы жабылды.
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 60 қылмыстық іс қозғалды. Оның жартысы контрабанда фактілері бойынша. 100-ден астам адам ұсталды, оның ішінде 12-сі ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі. Айналымнан 100 келіге жуық ауыр есірткі заттары – кокаин, кетамин, мефедрон және марихуана табылды.
Оларды өндіруге арналған 1 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны жіберіп отырған 30 мыңға жуық банк картасы бұғатталды. Сондай-ақ, мефедрон бар ең үлкен telegram-арна Шымкенттен табылған, ол жерден 1 тоннадан астам қышқыл тәркіленді.
«50 мыңнан астам адам қатысатын есірткі сататын 55 telegram-арнасының заңсыз қызметі жойылды. Мұндай «дәріхананың» жалпы айналымы шамамен 48 млрд теңге болды», — деді қаржы мониторингі агентігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Сонымен қатар қатар қаржы мониторнигінің мәліметінше, Қазақстан, Беларусь және Ресей аумағында үш ірі «есірткі дүкені» жабылды, 35 есірткі сатушы ұсталды. 1 тоннадан астам психотроптық заттар мен клиенттерге сатуға дайын тұрған 3,5 мың дозаға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Халықаралық есірткі саудагерлерінің жалпы табысы шамамен 30 миллион АҚШ доллары, оның 12 миллионы криптовалютамен шығарылды.
«Сондай-ақ, ұлттық банктерде бір клиентке бірден бірнеше карточка шығаруға шектеулер қойылады. Бейрезиденттерге және кәмелетке толмағандарға төлем карточкаларын беру кезінде қосымша бақылау шаралары мен шектеулер белгіленді. Жаңа клиентті тіркеу кезінде міндетті биометриялық сәйкестендіруі бар төлем карталарын шығару бойынша банктердің ішкі бақылау шаралары күшейтілді. Бұл есірткінің заңсыз айналымы фактілерін одан әрі анықтауға мүмкіндік береді», — деді қаржы мониторингі агенттігі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық