Есірткі сатқан мұғалім бас бостандығынан айрылды
Polisia.kz
Түркістан облысында есірткі сатқан мұғалім 10 жылға сотталды
Бұл туралы Orda.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Жергілікті полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі Бәйдібек ауданының тұрғыны есірткінің ірі көлемін заңсыз сақтап, өткізумен айналысатыны туралы хабарлама келген. Тексеріс барысында есірткі сату қылмысына қатысты күдіктіні қолға түсірген. Ол аудан мектептерінің бірінде қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалім болып шықты.

Polisia.kz
Мұғалімнің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде оның асханасындағы шкафтың үстінен 10 дана бөлек пакеттерге салынған жалпы салмағы 3 келіден астам «кептірілген марихуана» тәркіленді. Тергеу барысында күдікті есірткі заттарын сату үшін бөліп, пакеттерге салғанын мойындады.
– Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жан-жақты жүргіздік. Күдіктіден барлық айғақты заттар тәркіленді. Сатуға, сақтауға, өткізуге, қолдануға заңмен тыйым салынған затты сату қылмысын соңына жеткізу бағытында қарқынды қызмет атқардық. Жинақталған іс-құжаттарын айыптау актісімен аудандық сотқа жолдадық. Соттың үкімімен 47 жастағы күдікті ҚР ҚК-нің 297-бабымен кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деп атап өтті тергеуші Асқар Шубай.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық