Есірткі контрабандасына күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды
Фото: Pexels
Аса ірі көлемде есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген Қырғызстан азаматы Ресейден экстрадицияланды.
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Аса ірі көлемде есірткі контрабандасына қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қырғызстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды», делінген хабарламада.
Күдікті 2023 жылдың маусым айында бір топ адаммен бірлесіп, бірнеше мемлекет арқылы 60 келіге жуық героин мен 10 келіден астам гашишті заңсыз алып өтуді ұйымдастырды. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.
Оның 2023 жылдың тамызында Мәскеуде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланғаны хабарланды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұл қылмысы үшін оны 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза күтіп тұр.
Жаңалықтар
- Шерзат Полаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған полицей Ақтөбеде жаңа қызметке тағайындалды
- ҚР СІМ: Қазақстан босқындардың жаппай ағылуына жол бермейді
- «Алдымда өмір бойы түрме күтіп тұр»: Атыраудағы төрт адамның өліміне қатысты сотта 70 миллион теңге талап етілді
- Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 33 млрд теңге бөлінді
- «Жағдайы жақсы отбасы»: Министр жұрт іздеген курьер әйел туралы пікір білдірді
- Тегіміз өмірге кедергі: Нұрқаділовтің немересі әкесі Қайраттың жұмыс таба алмай жүргенін жазды
- Президент дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты бірқатар мәлімдеме жасады
- Астанада бір топ жасөспірім бес оқушыны соққыға жыққан
- Павлодарда 34 миллион теңгеге жөнделген көпір суға батты
- Прокуратура тағы бір «резеңке пәтерді» анықтады: Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
- Семейде 8 және 14 жастағы екі бала із-түзсіз жоғалып кетті
- Иран мұнайы қайтадан әлемдік нарыққа шығарыла бастады
- Депутат еліміздегі жер сілкінісі туралы халықты жедел ескерту үшін жасанды интеллект енгізуді ұсынды
- Өзбекстан құрамасы футболдан әлем чемпионатындағы дебюттік матчта Колумбиядан жеңілді
- АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік меморандумының ресми жобасы жарияланды
- Түрме ішінде қылмыстық топ құрып, ақша бопсалағандар жаза қосып алды
- Ақ жол, Дастан! — «Қайрат» Сәтбаевты «Челсиге» шығарып салды
- Ормуз бұғазы маңындағы Иран портында Қазақстанның өз алаңы болады
- «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы президентке 3,3 триллион теңгенің 16 жобасын жүзеге асыру жоспарланғанын айтты
- Әдептік кеңес БҚО-да мас болып қызметтік көлік жүргізген әкімді жұмыстан шығаруды ұсынды