«Ешкім ешқайда кеткен жоқ»: Бас прокуратура Мәсімовтің ісі бойынша
Фото: ВВС
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты барлық айыпталушылардың қамауда екенін айтты.
Істі ҰҚК тергеп жатыр, құпия санатқа жатады.
— Материалдар таратуға жатпайды. Бұл істерге қол жеткізе алатын бірнеше прокурорлар бар. Аталған іс бойынша күдіктілердің барлығы қамауда, ешкім қашып кеткен жоқ. Іс аяқталды, іс материалдарын зерделеу басталды. Іспен танысу үшін біз ешқандай процессуалдық шектеу қойған жоқпыз, - деді Шыңдалиев Мәжіліс сыртында.
Еске салсақ, қаңтар оқиғасы кезінде Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен алынып, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынып, оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалған болатын. ҰҚК бастығының бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Марат Өсіпов және Дәулет Ерғожин да қамауда отыр. Мәсімовтің бірінші орынбасары болған Самат Әбіш бостандықта жүр, бірақ ол да тергеу аясында.
Кейінірек Мәсімовтің де билікті күштеп басып алуға, билікті асыра пайдалануға бағытталған әрекеттері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстары, атап айтқанда, жабық келісім-шарттардың бірі бойынша шет мемлекеттің өкілдерінен пара алу фактілері бойынша күдікті екені белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық