«Ешқандай медаль оны қайтарып бере алмайды»: Марқұм фельдшердің күйеуі тергеудің әділ өтуін талап етті
Фото: әлеуметтік желіден
Астанада ерлікпен қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзауанның күйеуі, дәрігер Әділет Зейнел мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Келіншегінен айрылған Әділет Зейнел Threads желісіндегі парақшасында қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді. Ол енді жұбайының өліміне қатысты іс бойынша тергеудің әділ өтуіне баса назар аударатынын мәлімдеді.
«Ешқандай медаль, ешқандай сөздер менін жүрегімнің иесін маған қайтарып бере алмайды. Үйіме нұр, құт-береке әкелген Алла қосқан адал жарымның тілеуін тілеген барша қазақ еліне алғысым шексіз. Осы уақытқа дейін Алладан жүрегімді аман алып қалуын тілеп, қасында барынша көп болып, дұға еттім, бәрін сабырға салдым. Ендігі менің талабым – соттың адал өтуі, тергеудің адал қаралуы. Құдай қосқан қосағымның жаны тыныш болуы үшін осыны аяғына дейін алып бару керек. Жауаптылар жазасын алуы керек!» деп жазды Әділет Зейнел.
Естеріңізге сала кетейік, 8 қараша күні Астанадағы Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционерлік қондырғы құлаған кезде жарақат алған жедел жәрдем фельдшері ауруханада 10 күн жатып қайтыс болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық