Есек базарда делдал да бола алмайсың – ақын
Қазақстанның батыс өңірлерінде шешендігімен аты шыққан, іргелі ақын Светқали Нұржан QasqaJol жобасына берген сұхбатында өткір пікірлерін тартып қалмады. Сондай-ақ, ол сұхбат шыққан соң өз аузынан шыққан әрбір әріп үшін жауап бере алатынын әлеуметтік желіде мәлімдеді.
Ақын Қоянды көлінің жағасында демалып жатқанда, жалайыр руынан шыққан белгілі ғалым, шенеунік жігіттің Қасым-Жомарт Тоқаевты «мінезсіз, патшаға лайық сипаты жоқ» деп айыптағанда қалай жауап бергені туралы айтты.
- Кешегі 2019 жылы Назарбаевтың қызы Дариғаны не Маминды, Мәсімовты қойғанда не қылатын едің?! Дым да қыла алмайсың! Бес күн әлеуметтік желіде шәуілдейсің. Тіпті, бес күнге де жеткізбейді, үніңді өшіреді. Сосын Құдай біледі тағы қанша жыл отыратыныңды?! Отыз жыл бойы харам дарияда жүзіп жүріп, үстіне бір харам дақ жұқтырмаған адамды әкеліп отырған кім? Бұл дүниенің өзгерісі емес пе?! Мен неге ондай адамның тілеуін тілемеуім керек?! Құдайдың ісі ғой бұл. «Қызыр Ғалайссалам назарын салмаса, сен есек базарда делдал бола алмайсың» деген сөз бар. Бұл – бір. Ондай таза адамға Құдайдың періштелері, әулиелер жәрдемге келеді. Оның қасына кемел ұлдар мен салих құлдар жиналады. Сол кезде көресің сен қазақтың салтанатын! – дедім.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық