Ержан Есімхан: «Зейнетақы жинақтарындағы мәселеге жауапты органдар тезірек тіл қатса болар еді»
Қазіргі таңда тұрмыстық жағдайды жақсарту үшін зейнетақы жинақтарындағы ақшаны шешу мәселесі өзекті болып тұр. Қазақстандықтар жүйені түсінбей бастары қатуда. Бірі шот аша алмай әлектенсе, енді бірі жоғарыдағы келісімді күтуде. Осы жайлы Ержан Есімханов Facebook парақшасында пікір білдірді.
Ержан Есімханов адамдардың көптен күткен құжаты, өмір сүру жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелері бекітілгендігімен бөлісті.

Жалпы пайдалану тәртібі келесідей:
«Бірінші қадам. Егер сізде ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба – ескерту ОRDA) жоқ болса, оны аштырасыз. Оны egov арқылы үш минутта жасай аласыз.
Екінші қадам. Зейнетақы қорының веб-сайтына кіріңіз, қанша ақша ала алатыныңыз туралы ақпарат алыңыз. ЭЦҚ енгізген кезде бұл ақпарат бірден көрсетіледі. Сомаға инвестициялық кіріс кіреді, бұл жақсы.
Үшінші қадам. Сіз Otbasy Bank-те (қосымшасы немесе банктің веб-сайтындағы видео-банкинг арқылы) немесе бар екінші деңгейлі банкте арнайы шот ашасыз. Отбасы банкінде арнайы шот ашу шамамен он минут алады.
Осы үш қадамды қазір жасауға болады. Келесі қадамдар әлі қол жетімді емес, олар үшін «Отбасы» банкі ережелер негізінде бірқатар ішкі құжаттарды қабылдауы керек, бірақ оның созылуы мүмкін.
Төртінші қадам. «Отбасы» банкінің немесе екінші деңгейлі банкіңіздің веб-сайтында төлем туралы өтініш толтыруыңыз керек. Сіз ақшаны үй сатып алуға, үй салуға (оның ішінде жер телімін сатып алуға), ипотека алуға, ипотеканы өтеуге, ипотеканы қайта қаржыландыруға және басқа да бірқатар мақсаттарға жұмсай аласыз. Мұны жұбайыңызбен немесе жақын туыстарыңызбен бірге жасай аласыз, бірақ олардан баспана сатып ала алмайсыз. Егер сіздің үйіңіз болса - бұл ешқандай кедергі емес, екіншісін сатып алуға болады. Егер сіздің зейнетақыңыз жеткіліксіз болса, өз ақшаңызды зейнетақыңызбен қатар қосымша пайдалана аласыз. Мұның бәрі ережелерде егжей-тегжейлі сипатталған.
Бесінші қадам. Отбасы банкі немесе екінші деңгейлі банк сіздің өтінішіңіз негізінде БЖЗҚ-дан ақшаңызды алып, шотыңызға аударады.
Алтыншы қадам. Сізде транзакцияны жабу және растайтын құжаттарды банкке тапсыру үшін қырық бес жұмыс күні бар. Сіз құжаттарды банкке тапсырғаннан кейін, ақша он жұмыс күні ішінде сатушыға аударылады. Басқа екінші деңгейлі банктер үшін рәсім ұқсас, тек оның мерзімі әр түрлі болуы мүмкін».
Зейнетақы жинағына алынған мүлікке иелік ету
Жазба авторы ережемен таныстырып, адамдардың сұрақтарына жауап берді. Бірақ әлі күнге дейін мүлікке иелік ету бойынша мәселе ашық күйінде тұр дейді.
«Ереже бойынша, зейнетақы ақшасын пайдаланып алынған мүлікті бес жыл ішінде ешкімге сатуға немесе беруге болмайды. Бірақ бұл талап тек өтелмеген қарызы бар бес жылдан асатын ипотекалық несиелерге қатысты. Ал егер сіз ипотеканы зейнетақыңыздан толық төлесеңіз немесе несиесіз жылжымайтын мүлікті сатып алсаңыз оны еркін игеруге болады».
Бұл тек Ержан Есімхановтың түсіндірмесі.
Ол «Өнеркәсіп немесе Әділет министрлігі сұрақтарға тезірек жауап берсе болар еді» дейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық