Ержан Бабақұмаровтың өлімі: Сот жабық режимде өтеді
Коллаж: Orda.kz
Өткен жылдың қазан айында Ержан Бабақұмаров 36 жастағы танысымен сөзге келіп қалған. Қақтығыс төбелеске ұласып, нәтижесінде Бабақұмаров алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ержан Бабақұмаров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Ол экс-ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің айналасындағы адам ретінде де танылған.
26 қаңтар күні Астанада оның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдаулары басталды. Іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық форматта қаралатын болады. Судья Айжан Құлбаева сот процесінде марқұмның кәмелетке толмаған балаларының мүддесін қорғау мақсатында жабық формат таңдалғанын айтты.
«Оның артында 16 және 12 жастағы екі баласы қалды. Сондай-ақ, бұл іс адам өміріне қарсы аса ауыр қылмыстарға қатысты болғандықтан, қылмыстың сипаты мен жасалу тәсілдерінің БАҚ-та ашық жариялануы қоғамда кең талқылауға себеп болуы мүмкін», — деп ескертті судья.
Ержан Бабақұмаровтың өліміне күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі — «Адам өлтіру» бойынша сотталатын болады.
Айта кетейік, Екібастұзда айырылысқан екі жасөспірім өздеріне қол жұмсады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық