Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметінен босатылды
Фото: gov.kz
Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол бұл қызметті 2021 жылдан бері атқарып келді.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Нығматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды», деп хабарлады Ақорда.
Ержан Нығматоллаұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің түлегі. Сонымен қатар, Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Халықаралық қатынастар саласындағы маман, мемлекеттік басқару магистрі.
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі лауазымына дейін Ашықбаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары ретінде қызмет еткен (2013-2021 жж.).
2012 жылдан бастап ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР үкіметінің ресми өкілі болды.
2012-2013 жылдары ҚР президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісі қызметін атқарған.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Нұртілеуді Қазақстанның сыртқы істер министрі қызметінен босатты. Министрлікке Мұрат Нұртілеудің орнына Ермек Көшербаев келді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық