«Ертіс» футбол клубының бұрынғы директоры екі жылға бас бостандығынан айрылды
Павлодарда салық төлеуден жалтарған «Ертіс» футбол клубының бұрынғы директоры екі жылға бас бостандығынан айрылды.
«А.Қ.Тұрсықпаев салық органына бұрмаланған мәліметтермен декларация тапсыру арқылы «Ертіс» футбол клубы қоғамдық қорына жалпы сомасы 300 600 607 теңгені құрайтын бюджетке төленбеген салықтар түрінде мемлекетке залал келтірді, бұл аса ірі сома болып есепетеледі» делінген №2 сот залында оқылған үкімде.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындау туралы жауап беруден бас тартты.
Оның айтуынша, 2018 жылдың мамыр айында «Ертіс» ФК» директоры болып жұмысқа қабылданған кезде оған оқумен айналысу, қаржы мәселесін қордың бас есепшісіне беру ұсынылған. Оның компьютеріне электрондық цифрлық қолтаңба орнатылған, Ардақ Тұрсықпаев құжаттарға ешқашан қол қоймаған
Алайда Тұрсықпаевтың есепшіге қол қою құқығын бермегені сенімді түрде анықталды. Әйел директордың қылмыстық ниетінен күдіктенбеген. Ол оның нұсқауларын орындады, кірістер мен шығыстар туралы бұрмаланған ақпаратты көрсетті, онда «Ертіс» ФК» негізгі ойыншыларының жалақысы төмен бағаланды.
Нәтижесінде сот 51 жастағы Ардақ Тұрсықпаевты Қылмыстық кодекстің 245-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі ең төмен түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды.
Жақында жарияланған рақымшылыққа байланысты бас жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі мен мөлшері үштен біріне қысқартылды. Сот ақыры «Ертіс» ФК бұрынғы директорын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Қылмыстық жауаптылықты жеңілдету ретінде сот бірінші рет қылмыс жасауды, оң сипаттама беруді, сондай-ақ Тұрсықпаевтың жеке пайда үшін емес, футбол клубының мүддесі үшін салық төлеуден жалтару фактісін таныды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, павлодарлық «Ертіс» футбол клубының (ФК) бұрынғы директоры Серік Умарханов өткен жылдың мамыр айында бір жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық