Ертаев Әубәкіровке хабарласқан Ресей генералдары туралы айтты
Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев сұхбат беріп, қаңтар оқиғасы, Бектановтың қателігі, сарбаздар арасындағы суицид туралы пікір білдірді.
Ертаевтың пікірінше, қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ әскерінің келгені дұрыс болған. Сондай-ақ, қаңтар оқиғасы кезінде Тоқтар Әубәкіровке қоңырау шалған Ресей генералдары туралы айтты.
– Тоқтар Оңғарбайұлы қазақтың тұңғыш ғарышкері, сыйлаймыз. Қаңтар оқиғасында тәртіпсіздікті тоқтатпағанда, Ресейдің шабуылы бізге бағытталар еді деген сөзіне қосылмаймын. Украина мен Ресей арасында 2014 жылдан бері соғыс болып жатыр. Ресейдің Украинаға басып кіретіні бұрын мәлім болған. Бұл сөзге сенбеймін. Қазір өсек шығып жатыр. Ресей бұл соғыстан кейін Қазақстанға кіреді дейді. Біз қарап тұратын елміз бе? Біз иманды, батыр халықпыз, – деді Ертаев «Сұрауы бар» ютуб арнасына берген сұхбатында.
Генерал-лейтенант Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары туралы айтты.
– 30 жыл – бір күн емес. 30 жыл ішінде жас бала шаңырақ құрады. Осы жылдардан неге нәтиже көрмейміз, еліміз қандай дәрежеге жетті? Бір сәтте шарт ететін қазақпыз. Осы күнге дейін, біз қазақпыз, өсіп-өніп жатырмыз, экномикамыз өсті, жастар білім алды, елорда тұрғыздық, жолдар жөнделді дедік. Бір күнде мұның бәрі бекер дүние екен дедік. Тамыр әлсіз болса, ағаш шіріп құлайды. Елімді тонаған – ел дұшпаны, болашағын тоқтатқан – жауыз. Мен Мәскеудегі генштабта оқып жүргенде басқа ұлттың генералдары «қандай бақыттысың, президенттерің білімді, ашық» дейтін. Біз кешірімді халықпыз. Шетелге қаражат тасыған Назарбаевтың туыстары алғанын қайтарып, кешірім сұраса билік кешуі мүмкін. Ол кісі де адам баласы ғой, жүрегіне қатты тиген шығар. Назарбаев туыстарын тоқтату керек еді, – деді Халық қаһарманы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық