Ермұрат Бәпи Назарбаевтар әулетінің билікке оралуы жайлы пікір білдірді
Фото: бейнежазбадан үзінді
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Конституция жобасында экс-президентке қатысты қарастырылған кепілдіктер жайлы cөз қозғады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол негізінен 48-бабына қатысты қоғамда туындаған алаңдаушылыққа пікір білдірді.
Депутаттың айтуынша, Конституция жобасының 48-бабында Республика президентінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға берілетін конституциялық кепілдіктер қарастырылған. Ал 48-баптың 3-тармақшасында бұл ережелер Қазақстан Республикасының экс-президентіне де қолданылады деген норма бар. Осыған байланысты қоғамда, әсіресе әлеуметтік желі қолданушылары арасында бұрынғы президенттің отбасы мүшелері билікке қайта оралуы мүмкін деген күдік айтылып жүр.
Депутат Бапи бұл алаңдаушылықты негізсіз деп санайды.
«Әлеуметтік желілердегі мұндай пікірлерді қазақы долбар-дабраға қиқу қосу деп білемін. Себебі экс-президент түгілі, қазіргі президенттің де отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салынған», — деді ол.
Депутаттың сөзінше, бұл талап 2022 жылғы маусым айында қабылданған конституциялық заңда нақты бекітілген. Сондықтан бұрынғы президенттің отбасы мүшелерінің билікке қайта келуі туралы айтылып жүрген күдіктердің ешқандай құқықтық негізі жоқ.
Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жердің шетелдіктерге сатылатынын жоққа шығарды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- 3 сәуірде Астана уақытымен 21 сағат 13 минутта жер сілкінісі тіркелді
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
- Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
- Никаб киюге шектеу: Заң қалай жұмыс істеп жатыр?
- Президент өкімімен әскери қолбасшылар тағайындалды
- Алматыда жасөспірімдерге тиісіп, көшені шулатқан тәжік балалары ұсталды
- Мәскеу — Челябі бағытымен жүретін пойыздың жеті вагоны рельстен шығып кетті
- Иран АҚШ-тың нысанаға алынуы мүмкін кемелерінің тізімін жасады
- 200 млн-ға жуық заңсыз табыс: Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырған бір топ адамға үкім шықты
- Жамбыл облысында сарбаздың қазасына қатысты командирді тергеу аяқталды
- Трамп Макронның әйелімен қарым-қатынасы туралы әзілдеймін деп сынның астында қалды
- Ғашықтар туралы қазақстандық үздік 5 фильм