Ермек Нарымбай изолятордан хат жазды
Фотоколлаж
Украинадан Қазақстанға алты жылдан кейін оралып, әуежайдан ұсталып кеткен оппозиционер Ермек Нарымбай тергеу изоляторында отырып хат жазған. Елге оралар тұсында белсенді өзінің билік пен халық арасында «диалогтың ақ туын» ұстағанын хабарлаған болатын.
Махамбет Абжанның телеграм-арнасында жариялаған хатта Ермек Нарымбай өзі жатқан камераның сызбасын сызып, өлшемін аяқ киіммен көрсеткен. Төменде көрсетілген қағазда ол 1 аяқ киімнің - 26 см екенін, камераның ені мен ұзындығы 12*9 аяқ киімге теңдігін жазыпты.

Оппозиционер өзінің Алматы қаласының әуежайынан қалай ұстап алып кеткенін де хатта жазып көрсеткен.
«Әуежай. Ұшақтан түсе салысымен әуежай ғимаратының екінші қабатынан шықтым. Бірінші қабатқа түсіп бара жатып 7-8 азаматтық киімдегі ҰҚК, ІІД қызметкерлерін көрдім. Олар менің артымнан жүріп отырды. Бірінші қабатта азаматтық киімдегі екі әйел адам ұшып келушілердің ПЦР-тестін тексеріп жатты. Осының барлығы кедендік бақылау алдында кезек тудырды. Аяқ астынан мені залдағы офицер оң жақтағы ең шеткі кабинетке өтуімді сұрады, ал мен ел көп шоғырланған ортадағы кабинетке кірмек болып тұра бердім. Залда болған офицер кезектегі барлық адамдарды бос кабинеттерге бөле бастады, мен сол кезде жаңағы оң жақ шеткі кабинетке кірдім. Кірген кезде бетперде мен көзілдірігімді шешуімді сұрап, веб-камераға түсіріп алды, төлқұжатыма штамп қойып оны сол жерге келген офицерге берді. Ол маған Қазақстан аумағынан қалай шығып кеткенім туралы бірнеше сұрақ бар екендігін айтты. Бөлмеде 7-8 қызметкер болған еді. Олар менің қолыма кісен салып Си-18 мекемесіне алып кетті» делінген хатта.

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық