Ерлан Тұрғымбаев жаңа қызметке тағайындалды
Қаңтар оқиғасынан кейін отставкаға кеткен бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы аймақтық құрылымында кеңесші болып жұмыс істейді.
Бұл туралы Nege порталы хабарлайды.
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаевқа қарсы қылмыстық іс жоқ екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, ішкі істер минитсрлігі Тұрғымбаевтың «Сыртқы істер министрлігіне іссапарға жіберілгенін» хабарлады. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады.
«ҚР Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 08-1-1-1/375 бұйрығымен бекітілген Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) дипломатиялық қызмет персоналының қызметі туралы ақпарат (лауазымының, құрылымдық бөлімнің, ұйымның, оның атауы және т.б.) дербес деректерге жатады.
Өз кезегінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған жағдайда ғана дербес деректерді таратуға жол беріледі.
Осыған орай, Министрліктің қазіргі және бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қандай да бір мәліметтерді қызметкерлердің немесе олардың заңды өкілдерінің рұқсатынсыз ұсыну мүмкін емес екенін хабарлаймыз» делінген хабарламада.
Қысқасы, Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты деректерді құзырлы органдардың ешқайсысы бермеді.
Nege порталының ақпараты бойынша, экс-министр қазір Ташкентте жүр. Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы аймақтық құрылымында (РАТС ШОС) жұмыс істейді.
Бұл ұйым 2002 жылы Санкт-Петербургте өткен ШЫҰ-ға мүше елдер басшыларының жиынында құрылған. Негізгі қызметі – терроризм, экстремизм, сепаратизммен, аймақтық және глобалды деңгейде күрес. Ұйымның штаб-пәтері Ташкентте орналасқан. Төрағасы – Руслан Мирзаев.
«Төрағаның алты орынбасары мен бір кешесшісі бар. Орынбасарларының бірі қазақ – Қанат Оразқұлов. Кеңесшісі Қытай азаматы – Ли Кэмин.
Сонда Тұрғымбаевтың атқаратын қызметі қандай? Ташкентке «Тәшкен палауын» жеу үшін бармаған шығар? РАТС ШОС сайтын қарап отырып Ерлан Заманбекұлының көпшілікпен бірге түскен фотосын тауып алдық.
Бұл сурет өткен жылдың қараша айының соңында Қазақстанның төрағалығымен ШЫҰ-ға мүше елдердің құқықтық сарапшыларының Ташкентте өткен жиынында түсірілген екен. Тұрғымбаевтың аты-жөні ұйым басшыларының тізімінде жоқ. Алайда тұрақты оқырманымыз Ерлан Заманбекұлының «кеңесші» екенін айтты. Бәлкім, штаттан тыс кеңесші шығар, өйткені ресми кеңесші қытай азаматы.
Құзырлы органдардың Е.Тұрғымбаевтың жүріс-тұрысын сонша құпиялап, «Штирлиц» жасауға шақ қалғаны қызық болды. Қаңтардан кейін «ескі көздердің» біразы Мәскеу мен Петербор асқан. Ал біздің «Штирлиц» Тәшкенде жүр екен...» делінген басылымның хабарламасында.
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді