Ерлан Тұрғымбаев қаза тапқан полицейлер отбасына мемлекеттік наградалар тапсырды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы қаласына арнайы келіп, жергілікті полиция департаментінің екі қызметкерінің отбасына мемлекеттік наградаларды тапсырды.
Олар 2021 жылғы 20 қыркүйекте қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан болатын.
— Біздің әріптестеріміз, полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев қызметтік міндеттерін адал атқарып, әріптестеріне үлгі болып, болашаққа жоспар құрды. Олардың өмірін қиған қайғылы оқиға барлық қазақстандықтарды дүр сілкіндірді», - деді ІІМ басшысы.

Учаскелік полиция инспекторлары Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиев қаза тапқан соң Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
— Бүгін мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларды тапсыру үшін келдім, - деп қосты Ерлан Тұрғымбаев.
Сонымен қатар министр ішкі істер органдары қызметкерлері қызметтік борышын өтеуде әрдайым қылмысқа қарсы күрестің және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдыңғы қатарында екенін атап өтті.
Полицейлердің күнделікті жұмысы өздерінің өмірлері мен денсаулықтарына қауіпті. Сын жағдайларда бірнеше секунд ішінде жауапты шешімдер қабылдауға тиіс. Сондықтан басын қатерге тігіп, елге қызмет етіп жүрген жандар қандай марапатқа да лайық.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық