Ерлан Қошанов: Орыс тілін мәртебеден айырудың қажеті жоқ

cover Фото: inform.kz

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов тіл мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді.

«Бұл мәселені бүкіл халық емес, бастамашыл топ көтеріп жатқан шығар. Бізге қайсы маңызды: қазақ тілінің дамуы немесе орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі мәртебесінен айыру ма?

Мемлекеттік тілді дамыту қажет. Біз, қазақтар, қазақ тілінде сөйлеуіміз керек және басқа ұлттарды осы тілде сөйлеуге тартуымыз керек.

Ең алдымен осыны жүзеге асыруымыз керек. Біз - көпұлтты елміз. Түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен сөйлесе алуі үшін орыс тілі қажет. Менің ойымша, орыс тілін мәртебеден айырудың қажеті жоқ» деді Қошанов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар