Ерлан Нұрпейісов Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды
Фото: primeminister.kz
17 қаңтарда Ерлан Нұрпейісовті Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол бұл қызметке 2023 жылдың 12 қыркүйегінде тағайындалды.
53 жастағы Нұрпейісов Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы техникалық институтын бітірген.
1992 жылы ІІБ Өрт сөндіру бөлімінің оқу және өрт сөндіру қызметі, өрт техникасы және байланыс бөлімінің инженері болып жұмысын бастады.
1993-2005 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2005-2006 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімдері қызметін үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары.
2006-2007 жылдары Шығыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.
2007-2012 жылдары ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы.
2012-2018 жылдары - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2018-2020 жылдары - Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2020 жылдың қыркүйегінен 2023 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық