Еріктілік туралы: Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында сөз сөйледі
БҰҰ-дағ бейнеден скриншот
Бірнеше жыл бұрын Қазақстан халықаралық серіктестерімен бірлесе отырып, 2026 жылды Тұрақты даму жолындағы халықаралық еріктілер жылы деп жариялауды ұсынған еді. 5 желтоқсанда Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде осы жылдың басталуына арналған арнайы сессия өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Сессияда Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнеүндеуі көрсетілді. Ол елімізде еріктілік қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті. Президент «Таза Қазақстан» акциясын және Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының ашылуын маңызды бастамалар ретінде мысалға келтірді.
Қазақстан Президенті барлық елдерді қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік интеграция және жастарды қолдау салаларындағы БҰҰ бастамаларына қосылып, тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды.
«Қазақстан осы айтулы жыл бойы және одан кейінгі кезеңде де әлеуметтік маңызы бар еріктілік қызметті қолдау мақсатында БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттермен және азаматтық қоғаммен ынтымақтастықты жалғастырады»,
деді Мемлекет басшысы өз үндеуінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық