«Еріктілер жарады»: 1 айда 900-ге жуық қайырымдылық іс-шарасы
фото: qazvolunteer.kz
Елімізде 1 айда 900-ге жуық қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Игі істер марафоны жалғасын тауып жатыр. Бұл — қайырымдылық және еріктілік мәдениетін дамытуға бағытталған дәстүрлі жалпыұлттық жоба.
Бұл туралы волонтерлердің бірыңғай платформасы хабарлады.
Қазіргі таңда есептегіш 826 қайырымдылық істі тіркеді. Астанада еріктілер 2 тоннадан астам қоқыс пен пластик жинады. Қостанай облысында «Жақсылық жаса» акциясы аясында көпбалалы отбасыларға қажетті заттар жеткізілді.
Сонымен қатар аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету үшін «Мектепке жол» акциясы басталды. Жалпы жобаға 10 мыңға жуық қазақстандық қатысты.
Марафон 1 желтоқсанға дейін жалғасын табады. Одан кейін қатысушыларды 10 номинация бойынша, оның ішінде «Ең мейірімді өңір», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді оқу орны», «Ең мейірімді ауыл» сияқты арнайы номинациялар бойынша, сондай-ақ марафонды жариялауға белсенді қатысқан БАҚ өкілдері үшін салтанатты марапаттау рәсімі өтпек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық