Ердоғанмен үстел теннисін ойнаған Тоқаев ерекше қимыл көрсетті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған үстел теннисін ойнады.
12 қазанда Түркия Президенті Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Қос мемлекеттің басшылары Ақордада келіссөздер жүргізді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері бірнеше құжатқа қол қойды.
Бейнежазбадан байқағанымыздай, үстел теннисінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанды жеңді. Бейнежазба көпшіліктің назарын аударып, мемлекет басшысының теннистегі қимылы тың екені туралы пікірлер айтылды. Айта кетейік, Тоқаев Ердоғанмен екінші рет үстел теннисін ойнады.
Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында Алматыдағы жаңа заманауи үстел теннисі орталығына барып, спорт кешенінің инфрақұрылымымен танысты, сондай-ақ жас спортшымен үстел теннисін ойнады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы екі жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі Федерациясын басқарып, «Спорт шебері» атанған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық