Ердоған Донбас, Запорожье және Херсонның Ресейге қосылуы туралы айтты
Фото: Sergei Chuzavkov, Keystone Press Agency, Globallookpress
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 77-ші сессиясының жоғары деңгейдегі апталығында сөз сөйледі. Түрік басшысы оның елі Ресей Федерациясы КХДР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарында өткізетін референдум нәтижелерін ешқашан мойындамайтынын айтты.
MK басылымының хабарлауынша, бұған дейін АҚШ, Германия, Польша, Франция және Ұлыбритания билігінің өкілдері осындай мәлімдеме жасаған.
Ердоған Түркияның Анталия мен Ыстамбұлда бетпе-бет келіссөздер ұйымдастыру арқылы Украина мен Ресей арасындағы диалогты ілгерілетуге белсенді үлес қосқанын еске салды. Сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен барлық елдерді Түркияның Украинада тұрақты бейбітшілік орнату әрекетін шын жүректен қолдауға шақырды.
— Біз мәселені аумақтық тұтастық негізінде және Украинаның тәуелсіздігін ескере отырып шешуді жақтаймыз. Ресей Федерациясы мен Украинаға дағдарысты оңтайлы түрде еңсеруге мүмкіндік беретін ақылға қонымды, әділ және өміршең дипломатиялық шешім табу үшін бірлесіп жұмыс істеу маңызды,- деді Түркия басшысы.
Бұған дейін Запорожье және Херсон әкімшіліктері, сондай-ақ, ДХР және ЛХР үкіметтері 23-27 қыркүйек аралығында өз аумақтарын Ресейге қосу мәселесі бойынша референдум өткізуді белгіледі.
Айта кетсек, Нью-Йорктегі сөйлеген сөзінің алдында Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық