Ердоған екеуміз үнемі байланыстамыз – Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: dailysabah.com
Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентоппен кездесті.
Бұл туралы Orda.kz Елбасының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркістанда өтетін түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының мерейтойлық жалпы отырысында Мұстафа Шентопқа нәтижелі келіссөздер жүргізуді тіледі.
Елбасы Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың 30 жылдағы даму динамикасы туралы айтып, Шентоптан Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға өзінің ізгі тілегін жеткізуді сұрады.
- Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мен қазақ-түрік ынтымақтастығының дамуы үшін жұмыс істеймін. Қазір біздің қарым -қатынас серпінді дамып келеді. Біз президент Ердоғанмен үнемі байланыстамыз, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Өз кезегінде Шентоп жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Елбасына Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның құттықтау сөздерін жеткізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық