Ердоғанға Ресей мен Қытай өңірлері бар «Түркі әлемінің» картасы табыс етілді
Картаны Ердоғанға Ұлттық қозғалыс партиясының жетекшісі берді. Онда Ресейдің бірқатар облыстары, соның ішінде Сібір сары және қызғылт сары түстермен белгіленген.
Анкара бұл карта бойынша ешқандай түсініктеме берген жоқ.
RBK ақпараты бойынша, «Ұлттық қозғалыс» партиясының жетекшісі Девлет Бахчели Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға Ресей аумағының, соның ішінде Сібірдің едәуір бөлігін қамтитын «Түркі әлемінің» картасын сыйға тартты. Бахчели картаны Ердоғанға тапсырған фотосурет партияның Twitter-дегі парақшасында жариялады.
Картада Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан қызыл түспен белгіленген.
Сонымен қатар, қызғылт сары түс Балқан түбегінің кейбір елдері, Иранның бір бөлігін, Ресейдің оңтүстік аймақтарын, сондай-ақ Сібірдің көп бөлігін және Моңғолияның батыс бөлігін білдіреді.
Сары түспен Қытайдың Алтай өңірі, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы және Якутия белгіленген. Жарияланған фотосуреттің қолтаңбасында бұл түстер нені білдіретіні көрсетілмеген.
Cumhuriyet хабарлағандай, Бахчели мен Ердоған президенттік сарайда кездесті. Олардың кездесуі 45 минутқа созылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша ешқандай мәлімдеме жасалған жоқ. Кездесуден кейін Бахчели сарайдан кетіп, өз партиясының штабына бет алды.
12 қарашада Ыстамбұлда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) саммиті өтіп, өз атауын түркі мемлекеттері ұйымына өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа, түркі әлемінің 2040 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасы бекітілді. Ұйым құрамына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Бақылаушы ретінде Түрікменстан мен Венгрия қатысады.
Жаңалықтар
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді