Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова қылмыстық іс бойынша сотқа тартылады
Фото Бейнеден кадр
Астанада Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік істер тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік іс қозғалған болатын. Істен қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталғаннан кейін, судья Малика Ноғайбекова қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдады.
Іс материалдары Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
Еске салай кетейік, тамыз айында Instagram әлеуметтік желісінде Жаңабылов пен Төлегенованың парақшасында 10 автокөлік ойнататыны жайлы жазба жарияланды. Жазбада көлік Zhana Business ақылы оқу курсын 30 мың теңгеге сатып алғандардың арасында ойнатылатыны айтылған.
Артынша, бұл жағдай әлеуметтік желілерде сынға ұшырап, мемлекеттік органдарға шағым түскен. Кейін Туризм және спорт министрілігі тексеріс жүргізілгенін және материалдардың сотқа жолданғанын айтты. Айта кетейік, еліміздің заңнамасына сәйкес, лотереяны тек ресми операторлар мен олардың агенттері ғана өткізе алады.
Ерболат Жаңабыловтың ісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы «Лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзу» бойынша қаралған еді.
Енді блогер Ерболат Жанабылов қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен сотқа тартылмақ.
«Қылмыстық құқықбұзушылық белгілеріне байланысты, заңсыз кәсіпкерлікке қатысты деректердің анықталған соң әкімшілік іс тоқтайды», – деп мәлімдеді сот.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық