Ерболат Досаев Алматының жаңа әкімі болып тағайындалды
фото: Sputnik
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевтың орнына Алматы әкімі лауазымына Ерболат Досаевты тағайындады.
«Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылсын» делінген Ақорда жариялаған хабарламада.
Ал Бақытжан Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды.
Досаевтың тағайындалуына қарсы петиция 6 000-нан астам қол жинап үлгерді.

Ерболат Досаев Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған кезде, 2006 жылы Шымкентте кемінде 54 бала мен екі ересек адамнан ВИЧ вирусы анықталды. Олар қан құю арқылы жұқтырған. Парламентшілер облыс әкімі мен Досаевтың отставкаға кетуін талап етті.
Досаев 2014 жылы байлығы 110 миллион долларды құрайтын Қазақстанның 50 ең бай адамдарының қатарына кірді. Ол Lancaster Group Kazakhstan акцияларының 25%-ын және Қазинвестбанк акцияларының 17,8%-ын иеленеді.
Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектеп-интернатын, Алматы энергетика институтын және Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Бауман мамандығы бойынша электрондық техника инженері.
Еңбек жолын 1993 жылы «Искер» МНПП бастап, әр жылдары «Акцепт» корпорациясы» АОЗТ бас директоры, «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ басқарма төрағасы, премьер-министрдің кеңесшісі, Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, қаржы вице-министрі, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттікті басқарды.
Сондай-ақ Қазақстандағы Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) басқарушысы, денсаулық сақтау министрі, экономикалық даму және сауда министрі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Ұлттық экономика министрі, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы болды. 2017-2019 жылдар аралығы премьер-министрінің орынбасары болды.
Жаңа тағайындауға дейін 2019-2022 жылдар аралығында Ұлттық банк басшысы лауазымын атқарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық