Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты күдіктілер әлі анықталмады
Фото: instagram/ erbayan2024
Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев әскерден сал болып келген Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мақсат Қазиевтың айтуынша, қазір кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр екен. Сараптамалар мен тергеу нәтижелерін алғаннан кейін шешім қабылданады. Іс бас прокуратураның және бас әскери прокурордың ерекше бақылауына алынған.
«Әскери қызметші Мұхтар Ербаянның ауыр жарақат алуына байланысты жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Сараптамалар қорытындысын және тергеу нәтижелерін алу бойынша барлық жиналған дәлелдемелер мен нақты деректердің жиынтығы бойынша шешім қабылданады. Бүгінгі таңда біз ҚІЖК 201-бабына сәйкес тергеу нәтижелеріне түсініктеме бере алмаймыз, өйткені іс көптеген адамдардың мүдделерін қозғайды», - деді ол.
Шенеунік тергеу күдікті адамдарды әлі анықтаған жоқ деп мәлімдеді.
Еске салайық, Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүріп, 2023 жылдың желтоқсанында ауыр ми жарақатын алды. Салдарынан сарбаз комаға түсті. Әскери бөлім басшылығы сарбаздың туыстарына Ербаянның дәретханада құлап, басын еденге соғып алғанын айтқан. Алайда сарбаздың жақындары ұлдарының абайсызда құлағанына сенбейді. Ішкі істер министрлігі тергеу барысын өз бақылауына алды. Қазақстандықтар Ербаянның емі үшін 230 млн теңге жинап берді. Қыркүйектің соңында сарбаз Түркияға ем алуға кеткен болатын. Қазіргі таңда ол емін Астанада жалғастырып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық