Ералы Тоғжановтың інісі қол астындағыларды балағаттады
Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжанов жиын барысында бір жарым сағатқа жуық қол астындағы қызметкерлерге балағат сөздер айтты.
Әкімдік қызметкерлері бастығының сөзін диктофонға жазып алған. Отырыстың аудиожазбасы 1 сағат 20 минутқа созылады, осы уақыт ішінде әкім «б…ь» сөзін 71 рет, «на…й» сөзін – 73 рет айтты, ал бұл басқа балағаттауларды есептемегенде.
Әкім Марат Тоғжановтың өзі бұл «әңгімелесу» 2022 жылдың наурыз айында болғанын, сол кезде ауданды су басу қаупі төнгенін және «сөз таңдап отыратын уақыт болмағанымен» түсіндіреді.
Тоғжанов аудиожазбада аппарат қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдерінен аудандағы су тасқынына қарсы жұмыстардың барысы туралы есеп беруін талап етеді. Тоғжанов ауданды су басу қаупі төніп тұрғанда ауыл әкімдерінің резеңке етік киіп, қолдарына күрек алып шықпағанына, шаруашылыққа қажетті көліктерге он литр дизельдік отын таппай жүргеніне наразы. Құжаттарды уақытында тапсырмаған аппарат қызметкерлері әдепсіз, балағат сөздердің астында қалған. Әкім зейнеткерлікке санаулы күн қалса да, оларды жұмыстан шығарамыз деп қорқытқан.
Тек бір ғана мемлекеттік қызметші – аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин әкімнен балағат сөз айтпауды өтінді, бірақ бұл Тоғжановты тоқтата алмады. Серік Сафиуллин «Уральская неделя» басылымына бұл кездесуді ендігі ұмытып үлгергенін, алайда қол астындағы қызметкерлерге қатысты шенеуніктің мұндай сөздерді қолдануын құптамайтынын айтты.
Әкім Тоғжановтың өзі сол жиында этиканың сақталуын қадағалап отырмағанын, ол үшін ең бастысы аудан тұрғындарының үйлерін су басудан аман алып қалу екенін айтады.
— Мен проблемалық аймақтарды жеке тексеріп, олардың жойылмағанын көрдім, содан кейін барлығын жинап, жиналыс өткіздім. Иә, мен ашуланып, «дөрекі сөздерді» қолдандым, мен түсінемін, заң бойынша бұлай жасауға құқығым жоқ, бірақ сол сәтте су басу қаупінің алдын алу міндеті тұрды, маған «дөрекі сөздерді» қолдануға тура келді. Осы кездесуден кейін ауданда бірде-бір үйді су басқан жоқ. Осы өрескел сөздерім үшін барлығынан кешірім сұраймын, - деді Марат Тоғжанов.
Осы жерде еске сала кетейік, мемлекеттік қызметке кірген кезде әрбір үміткер заңнаманы білу мен жеке құзыреті бойынша тестілеуден өтеді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетке ғана емес, сонымен қатар күйзеліске төзімділікке, адамдармен жұмыс істей білуге, этикалық нормаларды сақтауға сыналады.
Қылмыстық кодекстің 131-бабына сәйкес қорлау 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға (306 300 теңге), не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
Айта кетсек, Марат Тоғжанов - бұрынғы вице-премьер, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың інісі.
Жаңалықтар
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды