Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болды
Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ералы Тоғжановты Ақтөбе облысының әкімі етіп тағайындады. Ол бұрынғы әкім – Оңдасын Оразалинді ауыстырды.
Ералы Тоғжанов екі рет ел премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы 1963 жылы 13 мамырда Орал облысындағы Шағатай ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. «Заңгер» біліктілігі, «Құқықтану» мамандығы. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтын бітірген.
Еңбек өтілі:
Орал облысындағы Октябрь орман шаруашылығының қызметкері (09.1980-04.1981);
Қарағанды мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының оқытушысы (11.1991-09.1998);
ҚР ҒА Мемлекет және құқық институтының аспиранты (11.1991-11.1994);
ҚР ҒА Мемлекет және құқық институтының ғылыми қызметкері (11.1994-03.1996);
Қазақ мемлекеттік заң университетінің мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультетінің аға оқытушысы, декан орынбасары (03.1996-07.1997);
Қазақ мемлекеттік заң университетінің халықаралық құқық факультетінің деканы (04.1997-07.1999);
Қазақ мемлекеттік заң университеті филиалының директоры (07.1999-10.2000);
Қазақ мемлекеттік заң университеті Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры (10.2000-02.2001);
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (02.2001-02.2006);
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы (24.04.2006-02.2008);
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылығының меңгерушісі (02.2008-03.2017);
Маңғыстау облысының әкімі (14.03.2017-09.2019);
Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы (09.2019-02.2020);
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (11.02.2020, 18.01.2021, 11.01.2022 бастап қайта тағайындалды).
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық