Ералы Тоғжанов: балалардың тұтыну себеті жеке қарастырылмайды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов балалардың тұтыну себетін енгізу мүмкіндігі туралы түсінік берді, деп хабарлайды Orda.kz. тілшісі.
Балаларға арнап жеке тұтыну себетін енгізу туралы депуттатық сауалға жауап берген вице-премьер бұл ұсынысты орындау қазірге қарастырылмайтындығын айтты.
— Бір адамға шаққандағы ең төменгі ақшалай табысты анықтау үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі қолданылады. Бұл адам өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік өнімдерінің, тауарлар мен қызметтердің ең төменгі жиынтығы. Оның мөлшері балаларды қоса алғанда жан басына шаққанда және халықтың жыныстық-жас топтары бойынша есептеледі, - деді Ералы Тоғжанов.
Вице-премьердің айтуынша, қазіргі ең төменгі күнкөріс деңгейінің азық-түлік қоржынына тәулігіне 2175 ккал энергетикалық құндылықты қамтамасыз ететін азық-түлік өнімдерінің 43 атауы кіреді.
— Осыған байланысты, балалар тұтыну қоржынын жеке есептеуге әлі ерте деп санаймыз, - деді Ералы Тоғжанов.
Бұл тізім Тамақтану институтының ұсынымдарына және Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тамақтану талаптарына сәйкес реттелген.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт