Ер адам әйелін өзінің баласымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп, қызын зорламақ болды
Фото: elements.envato.com
Ташкентте өзінің баласымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлемек болған күйеуін пышақтап өлтірген 46 жастағы келіншекке сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
НеМолчи kz мәліметінше, оқиға ақпан айында болды. Марқұм ер адам келіншекке бірінші некесінен туған ұлымен жыныстық қатынасқа түсуін талап еткен. Егер олай жасамаса, екеуінің ортақ қызын зорлайтынын айтып қоқан-лоққы жасаған. Әйел күйеуін пышақтап өлтірді.
Сонымен қатар, Podrobno.uz басылымының деректеріне қарасақ, сот шешімінде қайғылы жағдай 21 ақпан түнде болған деп көрсетілген. Ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, ер адам ессіз күйде ас үй пышағын алып, әйеліне қоқан-лоққы жасай бастапты. Ер адам әйелінен бірінші некесінен туған ересек ұлын шақырып, онымен жыныстық қатынасқа түсуін талап еткен. Айыпталушының сөзінше, күйеуі мұның бәрін бейнежазбаға түсіріп алғысы келіпті. Сол арқылы әйел мен ұлына қарсы «масқаралайтын айғақ» жинап, оларды мұрадан айыруды көздеген.
Сондай-ақ, ол әйелінің көзін ойып, тілін кесіп тастаймын деп, тіпті екеуінің алты жасар қызын зорлаймын деп қорқытқан. Мұндай сұмдықты естіген әйел аффект жағдайында пышақты жұлып алып, күйеуіне бірнеше рет соққы жасаған. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Ал әйел құқық қорғау органдарына келіп өзі берілді.
Сот-психиатриялық сараптама оның аффект жағдайында – ұзақ уақыт қорлағаннан, қорқытқаннан және зорлықтың салдарынан туындаған бір-ақ сәтте «жарылғыш» секілді психикалық күйде әрекет еткенін анықтады.
Хабарламадан мәлім болғаны, ер адам ортақ қыздары туғаннан кейін ішімдік пен есірткіге әуестеніп, жиі жанжал шығарып, әйелін және балаларын үйден қуып жіберуді әдетке айландырыпты.
Бастапқыда іс Қылмыстық кодекстің 97-бабы «қасақана кісі өлтіру» бойынша қозғалған. Алайда, Яккасарай аудандық соты айыптауды 98-бапқа «жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру» бойынша қайта саралады.
Сот үш жылға колония-қонысқа қамап, бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады. Үкім шығару кезінде кінәсін мойындауы, өкінуі, марқұмның туыстарының шағымы болмауы, балаларын асырап отырғаны және оның мүгедектігі жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерілді.
Еске сала кетсек, бұған дейін 21 жастағы Тараз тұрғыны шешесін зорлады деген күдікке ілініп, қамауға алынған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық