ЕО елдері соғыс уақытындағы экономикаға көшуді жоспарлап отыр
Украинаның артиллериялық снарядтарды жеткізу туралы өтінішінен кейін еуропалық қорғаныс өнеркәсібі «соғыс уақытындағы экономикаға» көшуді жоспарлап отыр.
Еуропалық ішкі нарық жөніндегі комиссар Тьерри Бретон Financial Times газетіне берген сұхбатында еуропалық қорғаныс өнеркәсібі «қорғаныс өндірісінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін соғыс уақытындағы экономикаға өтуі керек» деді. Мұндай қорытындыны Еуропалық комиссар Украина Еуроодаққа ұрыс даласында табысқа жету үшін айына 250 мыңдай артиллериялық снаряд беруді өтінгеннен кейін жасады.
Британдық газет Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резниковтың еуропалық әріптестеріне өтініші бар хатын жариялады. Басылым Украина орташа есеппен айына 155 мм калибрлі 110 мыңға жуық снаряд пайдаланады мәлімдеп, бұл ресейлік тарап пайдаланған снарядтар санының 25 пайызын құрайтынын нақтылайды.
«Егер біз қолда бар артиллериялық снарядтар санымен шектелмесек, біз айына 594 000 снарядты толық пайдалана алар едік» деп жазды Резников.
«Біздің бағалауымызша, жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындау үшін ең аз талап толық оқ-дәрілердің кемінде 60% немесе айына 356,4 мың снарядты құрайды» делінген украиндық ресми хатта.
Енді Еуропалық Одақтың алдында елдердің экономикасын жаңа деңгейге шығару мәселесі тұр. Басылымның жазуынша, қару-жарақ пен әскери техника өндірісін арттыруды қаржыландыру мәселесін Еуроодақ елдерінің басшылары наурыздың 23-24-і күндері Брюссельде өтетін саммитте талқылай алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық