Енді жоғары сынып оқушылары гинеколог қабылдауынан өтеді
Фото: Pixabay
Қазақстанда жоғары сыныптағы қыз балаларға акушер-гинеколог қабылдауына бару мүмкіндігі енгізілуі қарастырылуда, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді. Оның айтуынша, министрлік жоғары сынып оқушыларына арналған акушер-гинеколог кеңесін ұйымдастыру мәселесін зерттеп жатыр.
13 қазанда Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысының босанғаны белгілі болды. Өңірдің білім басқармасы қыздың үш рет медициналық мекемеге жүгінгенін, бірақ дәрігерлер оның жүкті екенін анықтамағанын хабарлаған еді.
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі жаңа бастама осы оқиғаға байланысты емес екенін атап өтті.
«Қазір гинеколог қабылдауын енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Жоғары сынып оқушыларына арналған акушер-гинеколог қабылдауы енгізілуі мүмкін. Бірақ бұл мәселе аталған (Ақтөбе облысында 14 жастағы мектеп оқушысы босанды) оқиғамен байланысты емес, жалпы түрде қарастырылуда», — деді Сұлтанғазиев.
Еске салсақ, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында мектепте сабақ кезінде оқушы қыз іші ауырғанын айтып жылаған. Артынша оның жүкті екені және толғақ қысып жатқаны белгілі болды. Оқушы босанған күнге дейін оның жүктілігін ешкім білмеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық