Енді жағдайы жақсы көпбалалы отбасыларға мемлекет беретін көмек тоқтатылуы мүмкін
Фото: freepik.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жағдайы жақсы көпбалалы отбасыларға мемлекеттен көмек көрсетілмеуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Orda.kz.
Еңбек министрінің айтуынша, жағдайы бар көпбалалы отбасыларға мемлекеттен қолдау көрсетпеу мәселесі қарастырылып жатыр екен. Отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі – шамамен 200 мың теңге болса, 2 немесе одан да көп автокөлігі, жылжымайтын мүлкі бар отбасы болса көпбалалы болғанымен біржолғы төлем ала алмайды. Сонымен қатар, мектеп формасы, сөмке, қағаз-қалам сынды қолдау көмектері берілмейді.
Сондай-ақ, Жақыпова елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі жаңа әдістеме бойынша есептеліп жатқанын айтты.
«Өткен жылы Еңбек министрлігінде ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесі әзірленді. Оның негізіне еңбек өнімділігі көрсеткіштері, жалақының медиандық мөлшері және сәйкесінше инфляция көрсеткіштері алынуы тиіс» – деді министр.
Айта кетейік, 24 шілде күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың күйеуі қайтыс болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық