Енді Шерзаттың отбасының адвокаттарына шабуыл жасалып жатыр
Фото: Видеодан алынған кадр
Әлеуметтік желіде марқұм Шерзат Полаттың отбасының адвокаты Саида Таукелева мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ақпарат Шерзат Полаттың қазасынан кейін ашылған justice_for_sherzat инстаграм парақшасында жарияланды. Құқық қорғаушының сөзінше, соңғы уақытта Шерзат Полаттың отбасының қорғаушыларына шабуыл көбейген. Белгісіз біреулер түрлі парақшалармен құқық қорғаушылардың ұлтын, тілін төмендетіп, тіл тигізіп жүр екен. Сонымен қатар адвокат желіде жалған ақпарат тарататын бот аккаунттар көбейгенін айтады.
Саида Таукелева бұндай шабуылдың соңғы уақытта тым көбейіп кеткенін мәлімдеді. Бірақ адвокат мәселені әділ шешуге ұмтылатынын, өздеріне тапсырылған жұмысты ғана атқаратынын айтты.
«Біз негізгі мақсаттан таймаймыз. Жәбірленушінің отбасының құқығын қорғаудан қашпаймыз. Біздің барлық іс-әрекеттеріміз әділеттілікті орнатуға бағытталған. Біз өз жұмысымызды кәсіби және заң аясында жүргізуді жалғастырамыз. Біздің беделімізді түсіруге немесе жағдайды ушықтыруға бағытталған кез келген әрекет әділеттілікке қол жеткізуге көмектеспейді», - деді адвокат.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық