Енді оқушыларды қорлаған ұстаздарға айыппұл салынбақ
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанда оқушыларды қорлаған ұстаздар жауапқа тартылатын болады. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Оспан Еділ мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Министрден мұғалім мен оқушының арасындағы дауда агрессия ұстазда болса, не істейтіні сұралған болатын. Шенеуніктің сөзінше мұндай жағдайда мұғалімдерге 50 АЕК (184 600 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
«Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, онда әрбір ұстаздың міндеті мен жауапкершілігі нақты айқындалған. Педагогикалық әдеп нормаларын білу – олардың кәсіби шеберлігін, сондай-ақ еңбек тәртібін бағалау критерийлерінің бірі. Мұғалім әдебін бұзу тәртіптік әрекет, ол үшін тәртіптік жауапкершілік көзделген. Әкімшілік кодексте мұндай жауапкершілік қарастырылған. Мұғалімнің оқушыларға психологиялық немесе физикалық зиян келтіргені расталса, ол үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады», – деді Оспан Еділ.
Министр мұғалімдерге қатысты осындай шағымдардың жиі түсетінін айта кетті.
«Әрбір өтінішті білім сапасы жөніндегі комиссия мұқият қарайды. Әрбір жағдайда қызметтік тексеріс жүргізіліп, шара қабылданады. Қазір мұғалімдер конкурстық негізде жұмысқа қабылданады, онда комиссия нақты үміткерге мұғалім этикасын білетін не білмейтіні туралы сұрақ қояды», - деп қосты вице-министр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық