Енді мұғалімдерге тіл тигізгендер айыппұл арқалайды немесе қамалады
Фото: Depositphotos
Енді мұғалімдерге тіл тигізіп, оны балағаттағандарға 157 мың теңге айыппұл салынады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің заң басқармасының директоры Гүлден Ақытаева айтты. Ол мұғалімдерге заңсыз талап қоюға болмайтынын мәлімдеді.
Гүлден Ақытаеваның айтуынша, мұғалімдерді қызметтік міндетіне қатысы жоқ жұмыстарға тартуға болмайды. Сонымен қатар, заңда қарастырылмаған есеп беруге және ақпарат сұратуға мәжбүрлеуге рұқсат етілмейді. Мұғалімдерді негізсіз және заңсыз тексеруге, тауар немесе қызмет сатып алуға мәжбүрлеуге болмайды.
Мұғалімді қорлағаны, әдепсіз әрекет жасағаны, әлеуметтік желіде тіл тигізгені үшін 157 280 теңге айыппұл немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылды.
Айта кетейік, 15 тамыз күні мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық