Енді дәрігерлердің қателігі үшін науқасқа ақы төленеді
Фото: freepik.com
Дәрігерлердің қателігі үшін науқасқа ақы төленетін болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру туралы заң күшіне енді.
Медициналық ұйымдар және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға міндетті. Сақтандыру шарты Medpul.kz электрондық ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асады.
Сақтандыру төлемдері дәрігерлердің байқаусызда жасаған кәсіби қателіктерінен зардап шеккен пациентке төленетін болады. Өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісін растау және сақтандыру төлемін алу үшін пациентке немесе оның жақын туыстарына денсаулық сақтау мекемесіне жүгіну қажет.
Медициналық қызмет кезінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болу-болмауы туралы шешімді тәуелсіз сараптама комиссиясы қабылдайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық