Еңбек қауіпсіздігін дұрыс қамтамасыз етпеді: депутат Қазақмысты сынға алды
Фото: Orda.kz/ Ольга Ибраева
Ұлытау өңірінде болған қайғылы оқиғадан кейін мәжілісмендер кеншілердің еңбек қауіпсіздігін күшейтуді талап еттті, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәжіліс отырысында депутат Арман Қалықовтың айтуынша, «Қазақмыс» кәсіпорындарындағы жиі қайталанатын жазатайым оқиғалар өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін қайта құруды қажет етеді.
«Үздіксіз өзгерістер нәтижесінде қауіпті өндірістерде қауіпсіздік мәселелерін бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік институттар жойылды. Бұл жүйенің үнемі реформалануына байланысты біз бақылаушы мемлекеттік саланы, соның ішінде жоғары білікті мамандар мен инспекторларды жоғалттық. 10 жыл бұрын өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жалғыз республикалық ғылыми институт жабылды. Нәтижесінде техногендік қауіпсіздік саласында ғылыми-әдістемелік база жойылды», — деп атап өтті Қалықов.
Мыс қазба кенішінде газдың жарылуы болмауы тиіс екендігі туралы ақпарат, қауіпсіздік техникасы бұзылғанын көрсетеді, деп сенеді депутат.
«Неге жоғары пайда әкелетін кәсіпорын жылдар бойы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпей келеді?! Мұндай техногендік апаттар жыл сайын еліміздің кен орындарында, шахталарында, мұнай кен орындарында қайталанады. Бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік мемлекеттік институттарының маңыздылығы мен қажеттілігін айқындайды», — деді ол.
Мәжілісмен бірнеше ұсыныс жасады:
- өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын, тікелей премьер-министрге бағынатын жеке мемлекеттік орган құру;
- қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру жүйесін жетілдіру;
- кеніштердің желдету жүйелерін нормативтерге сәйкестігін тексеру;
- тау-кен кәсіпорындарындағы жабдықтар мен технологияларды жаңғыртуға қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Айта кетейік, 17 ақпанда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кен орнында тау жынысы опырылып түсті. Салдарынан жеті адам үйінді астында қалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылысқа табиғи газдың жарылуы себеп болған. Қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық